Карта сайта
рус

Ақын Мақпал Жұмабай «Көзімнің қарасы» клубының қонағы болды

04.10.2017

   Өз ізденісіне «мақамды жыр» деген атау берген Мақпал, әңгімесін ешқандай шеңберге сыймайтын өнері жайында бастады. Әр шығармасын өзіне тән мақамымен жеткізетіндігі бұрыннан бар дәстүрлі поэзияның жарқын үлгісі екенін айтып, өзін сол дәстүрді жалғастырушы деп есептесе де немесе заманның жаңа бағыты деп қабылдаса да ешқандай айырмашылық болмайтынын білдірді. Кездесуге келгендер «Мақпалдың мақамды жырларын» тыңдап, сусындап отырды. Мақпал студенттердің көкейінде жүрген сұрақтарына бар ынтасымен жауап берді.

   Идея үшін өмір сүрудің маңызын да түсіндіріп өтті. "Жүрек тастар" туралы әңгімесі арқылы бала мен ананың нәзік қарым-қатынасын ұғындырды.
Кездесудің соңында Мақпал Жұмабай «Көзімнің қарасы» клубына «Мақпал шер» жыр жинағын сыйлады. Дәстүрлі түрде клуб мүшелері Мақпал Жұмабаймен топтық суретке түсіп, алған әсерлерін жасыра алмай тарады.

 

Назад к Новости КазНаи
+