Карта сайта
рус

Академияда Елбасы туралы жазылған кітаптар көрмесі өтті

30.11.2017

   2017 жылдың  29-қарашасында    Т.Қ.Жүргенов  атындағы  Қазақ  ұлттық  өнер  академиясының  оқу  театрында    Тұңғыш   Президент күніне орай  кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен   кітап  көрмесін ұйымдастырды.

   Тәуелсіз  еліміздің  айтулы  мерекесі  1- желтоқсан Тұңғыш Президент күні - қазақ  халқы үшін тарихи күн. Елбасының кемеңгер саясаты елімізге еңсе көтеріп, мемлекетіміздің  іргетасын қалады,  халқымызды әлемге  танытып,  алаш баласының абыройын асқақтатып  берді. Осынау айтулы датаны жыл сайын кітапхана ұжымы кітап көрмесін көпшілік назарына ұсынуды дәстүрге айналдыруда. Аталмыш шара Көрмедегі кітаптар арасында «Елбасы» деген атаумен эссе, ой-толғам, өлең-жыр мен сұхбаттардан құралған» он бес шақты жинақтар тұрды.

   Көрменің   мақсаты тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен қалыптасыу кезеңіндегі Президентіміздің жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабілетін, тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, болашаққа бағыт-бағдар берген мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған еңбегін оқырмандарға жеткізу, жас ұрпаққа насихаттау.

Назад к Новости КазНаи
+