Карта сайта
рус

«Театр өнері» факультетінің ұйымдастыруымен «Өнердің Қос Алыбы» атты ұлы композитор Ғазиза Жұбанова және талантты режиссер Әзірбайжан Мәмбетовке арналған еске алу кеші өтті

11.12.2017

Қазақ өнерінің қос алыптары Ғазиза Жұбанова және Әзірбайжан Мәмбетов есімдері әлемге қазақ әуенін танытқан дарабоз сазгер және Қазақ сахна     өнерінде орны ерекше жандар! Бұл есімдер өткен ғасырда қазақ өнеріне қайталанбас мол мұра қалдырды.    Келер ұрпақ өкілдеріне олардың өнерін үнемі насихаттап ұлықтау парызымыз. Осы орайда Темірбек Жүргенов   атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Оқу театрында «Театр өнері» факультетінің ұйымдастыруымен «Өнердің Қос Алыбы» атты еске алу кеші өтті.  Кешке дарынды өнер майталмандарының көзін көрген шәкірттері, олардың шығармашылық өнерін жалғастырушы   ұл-қыздары мен туыстары қатысты.

Ұлы  композитор Ғазиза Жұбанованың 90 жылдық мерей тойының құрметіне арналған концерт өтті. Көпшілікке танымал музыка майталмандары дарынды қазақ композиторының  шығармаларын орындады. Еске алу  кеште  Ғазиза Жұбанованың музыкасына жазылған әуендер  жауһарлары шырқалды.   Ерекше мәнерде тербелген сазды концертте еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері, Мақсат Жүніс, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Дариға Тұранқұлованың жетекшілігімен «Сөз сөйлеу жанрының артисі» мамандандыруының  3 курс студенттерінің қойылымдары, «Жеке ән салу» кафедрасының оқытушысы Сабиров Нұрсұлтанның орындауында Ғазиза Жұбанованың «Ақша бұлт» романсы және  тағы да басқа шебер музыканттар өз өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің ықыласына бөленді.

 

Назад к Новости КазНаи
+