Карта сайта
рус

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !

25.03.2019

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !

      Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «КОНТАКТ» студент жастардан құралған театры ГИТИС/РАТИ-да (Мәскеу қаласы) 2019 жылғы 24 – 25 наурыз аралығында өткен ХІІ-Халықаралық режиссерлік үзінділер конкурсы мен конференциясына қатысып, Б. Брехттің «Трехгрошовая опера» және Ш. Айтматовтың шығарамасы «Мәңгүрт» қойылымымен Бас жүлде иеленіп, лауреат атанды.

      Осы орайда төмендегі театр өнерпаздарын:


Өмірбекұлы Әлібекті – (4-курс, Н. Дубстың шеберханасы),
Ибырагимова Шолпанды – (4-курс, Г. Аманжанованың шеберханасы),
Кәрібаев Әлиханды – ( 3-курс, Т. Жаманқұловтың шеберханасы),
Егімбеков Нариманды – (3-курс, Е. Біләлдің шеберханасы),
Ибрагим Бауыржанды – ( 2-курс, А. Қарабаевтың шеберханасы),
Заханова Аруханды – ( 1-курс, Ә. Рахимовтың шеберханасы),
Исаева Әлияні – ( 1-курс, Ә. Рахимовтың шеберханасы),
Құлахметова Альбинаны – ( 1-курс, Ә. Рахимовтың шеберханасы),
Асылхан Аниятолланы – ( 1-курс, Ә. Рахимовтың шеберханасы),
Мырзатаев Саламатты – ( 1-курс, Ә. Рахимовтың шеберханасы) шын жүректен құттықтаймыз!

       Қымбатты достар, бүгінгі Халықаралық театр күнімен тұспа тұс келген жеңістеріңіз құтты болсын!
      Сіздердің осындай үздіксіз шығармашылық іздені¬сітеріңіз алдағы уақытта да Еліміздің ең үздік мәдени дәстүрлерін сақ¬тау мен да¬мытуға бағыт¬талып, Академиямыздың абыройын асқақтата беретіндігіне сеніміміз зор. Баршаңызға мәдениет пен өнерге қызмет ету жолында зор денсаулық, шабыт, жаңа шы¬ғармашылық та¬быс¬тар тілейміз. Өнер жолында жаңа белестерге жете беріңіздер!


   ҚазҰӨА ректораты
   27.03. 2019 ж.

Назад к Новости КазНаи
+