Карта сайта
рус

Юношеский концерт традиционной музыки Ирана

25.09.2015

  «Шабраван» тобы
Араш Кавуси – топ жетекшісі,тар және сетар орындаушысы.
Араш Кавуси – «Шабраван» тобының жетекшісі, тар және сетар орындаушысы, Иран және Шығыс музыкасының зерттеушісі, ұйымдастырушы, Иран және өзге де шетел мемлекеттерінің ұлттық музыкалық бағдарламаларының жүргізушісі. «Шабраван» тобы аталмыш тұлғаның жетекшілігімен 2009 жылы құрылып, қазіргі таңда түрлі республикалық және халықаралық фестивальдерге, соның ішінде Малазия, Тайланд, Түркия, Кипр, Қырғызстан, Үндістан сынды елдерде өз өнерлерін халыққа көрсетіп жүр.
Тара Пираианде – тар орындаушысы.
Тара Пираианде – 14 жастағы тар орындаушысы. Тара Эсфахан қаласында өнерлі отбасыда дүниеге келген. 5 жасынан бастап балаларға арналған музыканы оқудан бастайды. Музыка негіздерін толықтай меңгерген соң, тонбак аспабын 2 жыл көлемінде ойнауды үйренеді. Алайда өзінің негізгі кәсіби аспабы ретінде тар аспабын таңдайды. Қазіргі күні Тара өзінің жас категориясында үздіктердің қатарында әрі әрдайым жоғары орындарға қол жеткізуде.

Мабина Кавуси – тонбак орындаушысы.
Мабина Кавуси 15 жастағы тонбак орындаушысы. Мабина 9 жасынан бастап тонбак аспабында ойнауды үйренеді. Оның алғашқы ұстазы Фарид Мозафарзаде болады. Хосейн Техрани және Бахман Раджибимен жазылған музыка кітаптарын толықтай меңгерген. Қазіргі таңда елде өтетін түрлі фестивальдерде өз өнерін көрсетіп жүр.
Амир Аббас Барфи – дэф орындаушысы.
Амир Аббас Барфи Тегеран қаласында дүниеге келген. Қазір 16 жаста. 6 жасынан бастап дэф аспабында ойнауды үйренеді. Иса Шакери,Мехрдад Карим Хавари сынды ұстаздарының көмегімен дэф аспабындағы ойынын жетілдіреді. Кейін Карим Хавари ұстазының музыка тобының құрамында 3 жыл дэф аспабында ойнайды. Ал қазіргі күні «Шабраван» тобының мүшесі болып табылады.
Сами Гольбахор – сантур орындаушысы. Хаджатолла Хасани, Ариа Махафез, Сафари ұстаздарының жетекшілігімен сантур аспабында ойнауды үйренеді. Бүгіндері ансамбль құрамында және жеке түрде түрлі мәдени бағдарламаларды өз өнерін көрсетіп жүр.
Навид Джамалинеджад – кәманче орындаушысы. Кәманче аспабында түрлі музыка туындыларын ойнап жүргеніне 7 жыл болды. 3 жасынан бастап Мехди Багеры ұстазының көмегімен аталмыш аспапта ойнауды үйренеді. Қазіргі күні Ардашир Камкар ұстаздың шәкірті әрі17 жастағы Навид «Шабраван» тобының мүшесі болып табылады.

 

 

Назад к Новости КазНаи
+