Карта сайта
рус

2016 жылдың 11-13 қазан күндері Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ - 25 ЖЫЛ» тақырыбында киномарафон болып өтті

13.10.2016

Киномарафонның мақсаты қазақ кино өнерінің тарихына қысқаша шолу және Тәуелсіздік жылдарындағы көркем, деректі, анимациялық жанрлардағы   ұлттық кино өнерінің даму бағытымен мектеп оқушыларын таныстыру болды.

         Тарихи, тарихи-биографиялық тақырыптағы үздік фильмдерден құрастырылған киномарафон бағдарламасын көруге  И.Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық №4 мектеп-интернатының 8-11 сынып оқушылары белсенді қатысты. Екі күннің ішінде осы мектептен 100 ден астам оқушы келді және олар көрсетілім бағдарламаларына аса қызығушылық танытып,  талдау сағаттарында белсенділік көрсетті.

Қазақ  ұлттық кино өнерінің классикалық туындылары жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеуде, мәдени құндылықтардың рухани маңызын көрсетуде ерекше орын алады.  Ел егемендігінің ширек ғасыры қарсаңында ұйымдастырылап отырған киномарафон академия студенттері мен қалың оқушылар қауымына тамаша эстетикалық-рухани шабыт сыйлады. Алдағы уақытта да осындай мәдени-рухани шаралар жалғасын таба бермек.

 «Кино тархы мен теориясы» кафедрасы

 

    

Назад к Новости КазНаи
+