Карта сайта
рус

Прошла презентация книги Заслуженного артиста РК Сатыбалды Нарымбетова

10.03.2017

10 марта 2017 году в учебном театре Казахской национальной академии искусств им.Т.К.Жургенова состоялась презентация книги и встреча со студентами.    Профессора Каз НАИ им Т.К.Жургенова кинодраматурга, кинорежиссера, Заслуженного артиста РК Сатыбалды Нарымбетова «Көзімнің қарасы»

ЖАҢА КІТАП «Көзімнің қарасы» – тұлғаны танытатын туынды Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер акаде- миясында осы оқу ордасының «Көзімнің қарасы» мəдени-танымдық клубы мен «Қазақфильм» кино- сту диясының ұйымдастыруымен кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетовтің «Көзімнің қарасы» атты кітабының тұсаукесері болып өтті. «Көзімнің қарасы» кітабы тек кино саласында ғана емес, көркем проза жанрында да еңбектеніп келе жатқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, тəуелсіз «Тарлан» жəне Француз киноөнер академиясы Жорж жəне Рита Садуль атындағы жүлдесінің иегері Сатыбалды Нарымбетовтің авторлық əлемін тереңірек аша түсетін туынды. Бұдан бұрын да режиссер-қаламгердің «Тентек» атты кітабы, «Ассалаумағалейкум, Ат лан ти да!» атты повесть, əңгімелер жинағы жа рық көрген. Жа ңа туындыда жазушының өнер əле мі, əріптестері ту ралы, қоғам мен ру- ханият жайлы тол ға мдары, эсселері мен естеліктері жəне əріп тес терінің автор туралы ой-толғамдары қамтылған. Өнер туралы əсерлі əңгімелер айтылған кешке белгілі қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, студенттер қатысты. «Сатыбалды Нарымбетов – бұл қазіргі қазақ көркемөнерінің биігін, парасатын, пəлсапасын айқындайтын есімдердің бірі. Өнері əлемге танымал, ресми де, бейресми де мойындалған, өмір ұстанымы, өмір салты, жалпы бол- мысымен суреткерлік табиғаттың маңызын, мəнісін аша түсетін тұлға», дейді кітаптың алғысөзін жазған белгілі сыншы, мəдениеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Əлия Бөпежанова. АЛМАТЫ

Назад к Новости КазНаи
+