• 19.03.2024

«Докторанттарды даярлау Тәуелсіз Қазақстанның зиялы ұрпағын қалыптастыру факторы ретінде»

Авторkaznai

Ақп 21, 2022

18 ақпан, 2022 жыл Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Докторанттарды даярлау тәуелсіз Қазақстанның зиялы ұрпағын қалыптастыру факторы ретінде» тақырыбында жалпықалалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинарға келесі жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Т.Жургенов атындағы ҚазҰӨ академиясы, «Тұран» университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы.

Семинарға қатысушылар, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының ғылым және өнер саласындағы жетекші сарапшылары, мәдениет және өнер саласындағы докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылады, тәжірибе алмасты, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру бойынша конструктивті ұсыныстар жасады.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар резолюция қабылдады, онда семинарды тұрақты түрде өткізу тәжірибесін енгізу қажеттілігі атап өтілді.

Приемная комиссия