Сайт картасы
қаз

Оқу ақысын өтеу ережесі

   Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен академия Жарғысына сәйкес ақылы негізде білім беру қызметі қарастырылған.

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары сәйкес,  Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы негіздегі оқу түріне ағымдағы  жылғы ұлттық бірыңғай тестілеу, кешенді тестілеу  нәтижелері бойынша кемінде 70 балл жинаған  жалпы орта білім беру ұйымын бітірушілер қабылданады /ҚР БжҒМ 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 бұйрығы./  Ал Т.Жүргенов атындағы  Қазақ ұлттық  өнер академиясына ақылы негізде тапсыру үшін  сертификаттағы мемлекеттік тіл немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және екі шығармашылық емтихан баллдарының қосындысы 70 баллдан төмен болмауы шарт.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық  өнер академиясында  оқудың бағасы  ҚР Білім және ғылым министрлігімен жыл сайын қарастырылып, бекітіледі.  

Келісім шарт бойынша оқу ақысын төлеу екі кезеңнен тұрады:

  1. Оқитын ағымдағы жылдың 25 тамызына дейінгі мерзімде бір жылдық оқуды 100% алдын-ала төлейді.
  2. Оқитын негізгі Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын №1 қосымшаға сай, оқу құнын кезең бойынша төлейді.

Ақылы негіздегі оқу түрі жөнінде  барлық сұрақтар бойынша 8 (727) 272-63-62 телефоны бойынша жауап беріледі. 

+