Сайт картасы
қаз

ЖҮРГЕНОВ ОҚУЛАРЫ

05.09.2017

ЖҮРГЕНОВ ОҚУЛАРЫ

05.09.2017 ж.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында тарих, туған өлке, тәуелсіздік үшін үздіксіз күрес, бүтін кезеңдерді қалыптастырған тұлғаларды тереңінен оқу бағытты туралы айтылған болатын. Қазақ зиялыларының ішінде шоқтығы биік тұлғалардың бірі, 1989 жылдан бері біздің Академиямыз атын иеленген Темірбек Жүргенов болып табылады.

2017 жылдың 4 қыркүйегінде Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының Оқу театрында Академиямыздың 1 курс студенттеріне арналған дәстүрлі «Жүргенов оқылулары» өтті. Тарихшы-оқытушылар Темірбек Қараұлы Жүргеновтың өмірі мен қызметін, оның мәдениет пен өнерге қосқан үлесі туралы мол мәліметтермен бөлісті.

Дәрістің мақсаты – Қазақстанның мәдени құрылысына үлкен үлесін қосқан ағартушы және қоғам қайраткері Т. Жүргеновтың өмірі мен қызметін студенттер мен әлеуметтің еске түсіруіне мүмкіндік беру.

Іс-шара шеңберінде п.ғ.к., доцент А.Е. Садықова, PhD доктор А.А. Нурмухамбетовтың дәрістері өтіп, Қалила Омаров, Еркін Рақышев, М. Бекбаеваның деректі фильмдерінен үзінділер көрсетілді.

Жүргенов оқылулары Академияға жаңа түскен студенттер үшін орасан зор саяси-идеялық, адамгершілік-тәрбиелік мәні бар және қазақстандықтардың еліміздің тарихы негізінде ежелден келе жатқан Мейірбандық, Әділеттілік пен Келісім үшін руханилық пен гуманизмнің принциптерін қоғамда бекітуге ұмтылысын білдіреді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+