Сайт картасы
қаз

2017 жылдың 17 қазан күні, сағат 11.00-де Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Софиядағы Ұлттық өнер академия профессор-оқытушыларының “Кирилската азбука и Каллиграфия” атты көрмесінің …

11.10.2017

   София қаласындағы Ұлттық өнер академиясы өкілдері Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өтетін көрмесі арқылы өз мәдениетімен, өнерімен таныстырады, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынастардың әрі қарай дамуына аталмыш шара өз ықпалын тигізеді деген оймен өткізу жоспарланып отыр. 

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өтетін Софиядағы ұлттық өнер академиясы өкілдерінің «Азбука және каллиграфия» атты көрмесі барысында мастер-кластар өткізу жоспарланған.

19 қазан 2017 ж.

-   11.00  - Мастер-класс: «Мүсіндегі геометриялық абстракция», Митко Динев (Академияның бас ғимаратында).

Митко Динев – Болгария Республикасының Софиядағы ұлттық өнер академиясының қыш дизайны өнерімен шұғылданып келген жетекші мамандарының бірі, халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы. Ол түрлі жанрлар мен техникаларда қабілетін жетілдіре келіп, өз шығармашылығында ұлттық, дәстүрлі бағытқа, сондай-ақ заманауи стильдерге ерекше назар аударады. Бүгінде дизайн өнеріне, нақтырақ айтқанда, әйнек пен фарфор сияқты материалдарға басымдық береді. Ол туындыларына өзінің жеке сезім-толғаныстарын арқау етіп, каллиграфияның нәзіктігі мен тартымдылығын асқақтата білген.

    Баршаңызды осы шараларға қатысуға шақырамыз!

 Мекен-жайымыз:

Алматы қаласы,

Панфилов к-сі, 127, Бөгенбай батыр к.қиыл.

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Тел./факс: 8/727/ 261 15 72

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+