Сайт картасы
қаз

2017 жылдың 7 қазанында Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессоры М.Д. Шаймерденованың 60-жылдық мерейтойына арналған «Қазақстанның рухани жаңғыруындағы …

08.10.2017

2017 жылдың 7 қазанында Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессоры М.Д. Шаймерденованың 60-жылдық мерейтойына арналған «Қазақстанның рухани жаңғыруындағы ғылым мен мәдениеттің ролі» атты дөңгелек үстел өтті.

   Дөңгелек үстел жұмысына мәдениет пен ғылым саласының танымал өкілдері қатысты:

Каирбеков Бахыт Гафуович – кинорежиссер, сценарист, ақын, «Қазақфильм» киностудиясының бас директоры;

Омарбеков Талас Омарбекович – тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры;

Кан Георгий Васильевич – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі;

Мажитов Саттар Фазылович – «Интеллект Орда» халықаралық әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді ықпалдастыру институтының бас директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, РЖҒА мен ХАА академигі;

Әмірбеков Шәріпбек Ағабайұлы – Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА проректоры,  КазНАИ иим.Т.Жургенова, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор;

Шаймерденова Нурсулу Жамалбековна –филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі;

Бурибаева Майнура Абильтаевна – филология ғылымдарының кандидаты, Л.Гумилев ат. ЕҰУ тілтану және аударма теориясы кафедрасының доценті, ҚРБҒМ «Оқулық» орталығының сарапшысы.

Дөңгелек үстелдің құрметті қонағы ретінде қатысқан

Сампиев Исрапил Магометович – Ингуш мемлекеттік университетінің әлеуметтану және саясаттану кафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор (Ресей);

   ҚХА ұлттық-мәдени орталықтарының жетекшілері:

Мирзоев Князь Ибрагимович – Абай ат. ҚазҰПУ шығыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ҚР «Барбанг» күрдтер РҚБ Ассоциациясы жетекшісі;

Питаленко Леонид Николаевич – «Беларусь» Ұлттық-мәдени орталығы қоғамдық бірлестігі Кеңесінің жетекшісі, Алматы қ., Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі;

Исмаилова Раушан Ермековна – ҚР Президенті жанындағы РММ «Қоғамдық келісім» Республикалық Достық Үйінің қызметін қамтамасыз ету қызметінің бас сарапшысы;

   Дөңгелек үстелдің модераторы А.Ш.  Алимжанова – Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор.

    Дөңгелек үстел барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының методологиясы мәселелері талқыланып, жемісті өтті. Баяндамалар барысында туған жерге, оның мәдениеті, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне және ұлттық мәдени-генетикалық кодының негізін құрайтын белгілердің барлығына  тағзым мәселелеріне ерекше көңіл аударылды. Баяндамашылар ұлттың рухани жаңғыру көптеген өнер бағыттарында көрініс тапқан мәдениеттің даму деңгейіне, оның ғылыми түсінігі мен қоғам санасына тікелей байланыстылығын атап өтті.

    Қазақстандық ұлттың болашағы – өз алдына еліміздің рухани жаңғыру сияқты стратегиялық мақсат қойған өскелең ұрпақ.

    Дөңгелек үстел жұмысының барысында қатысушылар М.Д. Шаймерденованың еңбексүйгіштігі, зияткерлік деңгейі мен ұйымдастырушылық қабілеті, адами қасиеттерінің жоғарлығы, оқу-әдістемелік құралдары мен оқулықтардың кәсіби деңгейінің жоғарлығын атап өтті. Оның ғылыми негіздері арқылы тәуелсіз Қазақстан тарихы, тарихи танымның теориялық-методологиялық үлгісі жүйеленеді.

    «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы мерейтой иесінің өмірлік жолына қатысты библиографиялық-презентация, слайд-шоу дайындады. Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА Кітапханасы М.Д. Шаймерденованың еңбектерінен стенд ұйымдастырды.  

    Академия студенттері құттықтау концерттерін арнады.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+