Сайт картасы
қаз

Мадина Мусаханова мәдениет саласының білгір маманы Лидия Варбанованың тағылымдық сабағына қатысты

01.11.2017

   Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, музейтанушы, Халықаралық музей кеңесінің мүшесі Мадина Мусаханова осы жылдың 17-ші қазанында мәдениет саласының білгір маманы ретінде танылған Лидия Варбанованың тағылымдық сабағына қатысты. Оның сабағы ENCATC Халықаралық ассоциациясы (саясат және мәдени басқару бойынша Еуропалық желі) тарапынан  ұсынылған мәдениеттегі стратегиялық басқару, шығармашылық кәсіпкерлік, ұйымдық даму және әлеуетті арттыру  бағыты бойынша өткізілді. Лидия Варбанова ЮНЕСКО-ның халықаралық мәдени саясат пен конвенция бойынша тренерлер құрамына кіреді және  «Стратегическое управление в области искусства» (2013 ж.), «Международное предпринимательство в области искусства» (2016 ж.)  Routledge баспасынан шыққан кітаптардың авторы. Аталмыш тренинг сабағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы қорының ұйымдастыруымен шығармашыл жастардың «ЖасSTAR» VIII халықаралық фестивалі аясында  «Cultural Dialogue» қорының  ұйымдастыруымен өткзіліп отыр. Семинардың бірқатар тақырыптары  «Шығармашылық жобадағы креативтік кәсіпкерлік және инновациялар»,  «Сандық ортадағы мәдени ұйымдардың ерекшеліктері», «Сандық шығармашылық жобалардағы мақсатты аудиториялар» және «Онлайн бизнес модель» және «Адиторияны тарту құралдары және диструбуция арналары» деп аталады. Семинардың қорытындысы бойынша М. Мусахановаға белсенді қатысқаны үшін сертификат тапсырылды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+