Сайт картасы
қаз

"Кино және телевизия" факультетінде режиссер Сабит Құрманбековпен шығармашылық кездесу өтті

09.02.2018

"Кино және телевизия" факультетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 8-ші ақпанында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының кинозалында профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері режиссер Сәбит Құрманбековпен шығармашылық кездесу өткізді. 

Кездесу барысында режиссер студенттермен шығармашылық, кино, өнер турасында мастер-класс өткізді. Кездесуден кейін режиссердің Тегеранда өткен 35-ші "Фаджр" халықаралық кинофестивалінде "Ең үздік азиялық кино" номинациясы бойынша жеңімпаз атанған, сонымен қатар халықаралық  "Евразия" кинофестивалінің Гран-при жүлдесін жеңген, Германияда өткен 66-шы  халықаралық Мангейм-Хайдельберг кинофестивалінің арнайы жүлдесін жеңіп алған  "Оралман" атты толықметражды фильмі студенттер назарына ұсынылды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+