Сайт картасы
қаз

Құттықтаймыз! Академия түлектері – Берік Айтжанов және Есләм Нұртазин Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты иегерлері атанды!

24.02.2018

      Жақында Астанадағы Назарбаев орталығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 2008 жылы Тұңғыш Пре­зи­дент Қоры ғылым, мәдениет және өнер саласында таланттарды қолдау мақсатында өз сый­лы­ғын тағайындаған болатын. Содан бері үздіксіз беріліп келе жатқан бұл марапат – Қордың ең құрметті сыйлықтарының бірі.   Қор сыйлығы танымал қай­рат­керлер үшін жоғары мәрте­бені тағы бір дәлелдеу болса, дебютанттар үшін – өзін көр­сетудің тамаша мүмкіндігі.

      Елбасы қоры сыйлығының лауреаттары қатарында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер акдемиясының түлектері – актер Берік Айтжанов,   режиссер Есләм Нұр­та­зин  сынды өнер саңлақтары да бар. Біз Академия мақтанышына айналған Сіздерді құттықтай отырып, шын жүректен шыққан ыстық ықыласымызды білдіреміз!  

      Осындай қазақ өнерінің дамуы жолындағы жасап жатқан еңбектеріңізге мол табыстар тілейміз!

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+