Сайт картасы
қаз

Академия және колледж студенттері арасында волейболдан факультет аралық біріншілік өтті

26.02.2018

2018 жылдың 24 ақпанында дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары  Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА және колледж студенттері арасында волейболдан факультет аралық біріншілік өткізді.

         Жарыстың ашылу салтанатына: «Театр өнері» деканының  орынбасары  Мамытқалиев Қуаныш Сабырқожаұлы,  дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Михайлова Светлана Николаевна және дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары қатысты.

 Жарысқа факультетттерден 7 команда қатысты: «Музыкалық өнер», «Өнертану», «Кескіндеме, мүсін және дизайн» (екі команда), «Кино және Теледидар»,  «Театр Өнері» және «Колледж» құрама командасы.

 Бәсекелескен жарыс нәтижесінде орынға былайша бөлінді:

1 орын – «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің құрама командасы

2 орын«Колледж» құрама команда

3 орын «Кино және Теледидар» факультетінің құрама командасы

           Жеңімпаз команда кубокпен, I дәрежелі дипломдармен және алтын медальдармен марапатталды. 2, 3 орын алған командалар тиісті дәрежелі грамоталармен және медальдармен марапатталды.

 Үздік ойыншылар атанған қатысушылар:

Ермен Райымбек -  2 курс, «Кескіндеме, мүсін және дизайн»факультеті

Жоқсыбай Асылжан - 1 курс, колледж

Исаев Ринат -  2 курс, «Кино және Теледидар» факультеті

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+