Сайт картасы
қаз

«New Voices» – табысқа жету жолы

28.02.2018

2018 жылдың  ақпан айының 27 жұлдызында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының қабырғасында жұптық «New Voices» қалалық байқауын өткізді. Ұйымдастырушылар: «Музыкалық өнер» факультетінің декан орынбасары Кайсиди И.Г., «Эстрадалық вокал» Сабира Р.Р., Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық өнер» факультетінің деканы Ж.Е. Абельтаеваның қолдауымен 4-ші курс студенті, өнер-менеджері Тураш Асель. Байқау екі кезеңнен өткізілді, іріктеу және финал. Қатысушылар өз қойылымдарын ел назарына ұсынып, көрермендер қошеметіне бөленді.

        Академиядағы «New Voices» музыкалық өнер саласындағы беделді кәсіби жарыстардың бірі болып табылады. Мұны қазылар алқасының құрамы дәлелдейді. Ол қазақстандық эстрада өнерінің жұлдыздары Марат Омаров, Жанна Орынбасарова, Мөлдір Әуелбекова, Анель Арынов. Финалда 20 жұп жарысты. Жүлделі орындар - Гран-при, 1,2,3-ші орындардына 4 дуэт иеленді. Сондай-ақ, басқа да қатысушылар демеуші «DiamondPro» продюсерлік орталығының дипломдары және сыйлықтарымен марапатталды. Гран-при иелері П.И. Чайковский атындағы колледж оқушылары Батталиева Алмагүл және Айдарбекова Аружан, 1-ші орын иегерлері Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері Тоқбай Талғар және Қыстаубаева Аяжан, 2-ші орын иегерлері Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының студенттері Толенов Ерик пен Жұматова Марал алды, 3-ші орын иегерлері Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының студенттері Махмут Нурахмет және Рахимжанова Аида.

          Студенттер үшін бұл конкурс,  музыкалық өнер саласында жаңа білім алу , өнер білім және эстетикалық талғамын жетілдіру тұрғысынан маңызды болып табылады. Академиялық сахна байқаушылардың бірлескен қойылымдары шығармашылық түрде байытылған. Жас ерлер мен қыздар түрлі музыкалық жанрларға, шоу элементтеріне және жоғары деңгейге қызығушылық танытты. Өйткені театр барлық уақытта театр болып қала береді.

         Сахнаға қатысушылардың шығармашылық қабілеттері Қазақстанның музыкалық қоғамдастығының басқа елдердегі алдыңғы қатарлы мектептермен бәсекелесуге қабілетті екендігін дәлелдеді. Біздің елімізде бәсекеге қабілетті дарындар әзірленеді. «New Voices» қалалық дуэт конкурсы біздің студенттердің шығармашылығын одан әрі дамытуға ынталандырды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+