Сайт картасы
қаз

«Шын жүректен шығатын алғыс» атты 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған тәрбиелік іс-шара

06.03.2018

2018 жылдың 2 наурызында сағат 13:00 де «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасында «Шын жүректен шығатын алғыс» атты 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған актілік дәріс өтті. Актілік дәріс Кино және ТД факультетінің 1 курс студенттеріне өтті. Актілік дәріске Еңбек және әлеуметтік қатынастар Қазақ академиясының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар кезеңі бойынша Қазақстан тарихының ОӘП авторы Н.Т. Кенжебаев шақырылды. Сонымен қатар дәріске кафедраның ПОҚ құрамы қатысты.

Актілік дәрістің мақсаты: студенттердің бойында толеранттылық сынды азаматтық сезімдерді тәрбиелеп, достық пен өзара сыйластық, сонымен қатар – ұлтаралық келісім мен адамгершілік дағдысын және өзара көмекке дайын болу мен Отанға деген патриотизмді қалыптастыру.

Дәрісте баяндама жасағанда: профессор Шаймерденова М.Д., доцент Садыкова А.Е., PhD доктор Нурмухамбетов А.А., кафедра меңгерушісі, профессор А.Ш. Алимжанова  қорытынды сөзімен актілік дәрісті түйіндеді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+