Сайт картасы
қаз

1 наурыз – этнос өкілдерінің Қазақстан халқына Алғыс айту күніне арналған «Қазақ жерінің жылуы» атты тарихи-деректі экскурс

06.03.2018

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы 2018 жылдың 1 наурызында  1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Қазақ жерінің жылуы» атты (тарихи-деректі экскурс) шараны өте жоғары идеялық-саяси және  эмоционалдық деңгейде өткізді.

Шараның мақсаты:

-  түрлі этнос өкілдерінің қазақ халқына алғыс айтуының мәнін ашу;

- еліміздің тарихы қалыптастырған бейбітшілік, достық және келісім құндылықтарын жастардың түсінуі;

- мәдени және этникалық төзімділік, ризашылық сезімін дамыту;

- Қазақстан қоғамындағы сенім мен келісімді нығайту;

Отырысқа Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Жарасым» Жастар ұйымының төрағасы, Түрік этномәдени бірлестігінің «Ағысқа» жастар комитетінің төрағасы Ахметов Расул Сурмалиұлы шақырылып, сөз сөйледі.

«Татулық – табылмас бақыт» дейді дана халқымыз. Шындығында да бұл ақиқат болып табылады. Халықтар бірлігі – ұрпақтар берекесі мен мемлекетіміздің гүлденуі үшін сақталуы және дамуы тиіс ұлы бақыт.

Дәрісте баяндама жасағанда: профессор Шаймерденова М.Д., доцент Садыкова А.Е., PhD доктор Нурмухамбетов А.А., кафедра меңгерушісі, профессор А.Ш. Алимжанова  қорытынды сөзімен актілік дәрісті түйіндеді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+