Сайт картасы
қаз

Индонезия Республикасы зергерлік бұйымдарының халықаралық көрмесі өтті

28.03.2018

«Қазақстан Республикасы қазіргі заман сәндік-қолданбалы өнері және Индонезия Республикасының дипломатиялық қарым-қатынасына 25 жыл» деп аталуының себебі екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтуға арналған. Бұл жолы  Индонезия Республикасының дипломатиялық қарым-қатынасына   25-жылдық мерей тойына арналған  сән көрсетілімі мен зергерлік өнер туындыларының көрмеге   танымал зергердер Руни Палар және оның қызы Ксения Палар –  Зергер, Индонезияның елшісі  –   Рахмат Прамоно мырза  қонаққа келді.

   Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының Сәндік-қолданбалы өнері кафедрасының жетекшісі көркем суретші Р.Базарбаева, ҚР Мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткері, модельер-дизайнер, киіз шебері Сәуле Бапанова, ҚР Мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткері, зергерлік іс шебері Серік Рысбеков және ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретті кілем іс шебері бұған дейін де Жакартаға қазақ елінің қолөнер туындыларын үнді-қытайлық   таныстырып қайтқан болатын. Көрменің ашылуында  Сәуле Бапанованың киізден сән киім үлгілерін көпшілікке таныстырды. Индонезиялықтар ерекше әсемдікпен айшықталған қымбат металдан жасалған зергерлік бұйымдарын қойды. Айта кету керек, олардың туындыларында малайлық аңыздардан алынған әйелдердің әсем бейнелері бейнеленген. Елді жаулардан қорғаған символикалық бейнелері ескерткіштер де көз тартады. Діншілдік – бір құдайға сену (елдің 88 пайызы мұсылман, яғни Аллаға сену).  Секілді рухани  құндылықтарды негізге өз өнерлеріне арқау ететіні  ерекше байқалады.  «Сукарно деген басшы бар мемлекетте сонау заманда Адамата мен Хауаана жұмақтан сол жерге түскен, іздері бар» деген әңгімелер тегін айтылмаса керек-ті. Халықтың дені –ислам болғандықтан,     бұлар тіл мен дінді өнер туындыларына ұштастыра білген.

  Көрменің мақсаты екі ел арасындағы     мәдени байланыстарды нығайту және өзара таныстыру болып табылады.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+