Сайт картасы
қаз

Республикалық ғылыми конференция жұмысына «Қазақстанн тарихы және әлеуметтік ғылымдар», «Шет тілдері және ҚХА» кафедраларының ПОҚ-ның қатысуы

26.04.2018

Герольд Бельгер:  жандүнеиенің тартылуы» 2018 жылдың 15 сәуірінде сағат 11.00-де Алматы қаласындда Достық үйінде «ГЕРОЛЬД БЕЛЬГЕР: жандүнеиенің тартылуы» атты Республикалық ғылыми конференция өтті.

Іс-шара Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласының «Туан-жер» бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Конференцияға қатысушылар: «Wiedergeburt Германия кеңесі» үкіметтік емес ұйымы, Алматы қаласындағы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобы, М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, ҚР БҒМ ҒК, Т.К. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, ҚР Ұлттық кітапханасы.

 Достық үйінің фойесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Г.Белгердің жұмысына арналған кітаптардың көрмесін ұйымдастырылды.

 

 Конференция барысында Қазақстан Республикасының кинематографистер Одағының Басқарма Төрағасы Ермек Тұрсыновтың «Герольд Бельгер» деректі фильмі және «Фильмдегі жұмыс туралы естеліктер» атты сұхбаттарын көрсетілімдері ұйымдастырылды.

Сондай-ақ «Wiedergeburt Германия кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері, ҚР Жазушылар одағының және ҚР кинематографистер Одағының өкілдері, жазушылар, журналистер, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының ғалымдары  баяндамаларын оқыды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+