Сайт картасы
қаз

Кавказдың гуманитарлық және әлеуметтік-саяси проблемаларын жаңғырту мәселелері туралы мазмұнды әрі мағыналы әңгімелер өрбіді

11.05.2018

   2018 жылдың 10 мамырында  Ингушетия Республикасында  VI «Кавказдың гуманитарлық және әлеуметтік-саяси проблемаларын жаңғырту мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының оқытушылары тарих ғылымдарының кандидаты Меңдығаным Шаймерденова және Мария Aбадиевa қатысты.

    Конференция барысында әртүрлі мәдениет салаларына қатысты көптеген мәселелер талқыланды. Секциялардың бір бөлімінде Меңдығаным Шаймерденова өз баяндамасын оқыды.

   «Экран өнерінің режиссурасы» кафедрасының оқытушысы Мария Абадиеваның магистрлік диссертациясын қорғау жұмысы   зерттеулерінің жалғасы ретінде «Деректі кинодағы Ингуш және шешен халқының жер аударылуы» және «Ингушетия Республикасы және Шешенстандағы қысқа метражды ойын киносы» атты баядамаларымен сөз алды.

     Конференциядан кейін, ғылыми еңбектер жинағы шығарылды, және барлық материалдар ғылыми дәйексөздердің ресейлік индексінің  базасына орналастырылды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+