Сайт картасы
қаз

Академияның кескін өнер иелері Бауыржан Байділда және Болат Тұрғынбайға Mondial Art Academia – француз өнер академиясының басшылығымен «Рыцарь-Академик» құрметті дәрежелерінің атауын тағайындады

12.09.2018

      2018 жылдың 12 қыркүйегінде біздің Академияның талантты кескін өнер иелері Бауыржан Байділда және Болат Тұрғынбайға Mondial Art Academia – француз өнер академиясының басшылығы  «Рыцарь-Академик» құрметті дәрежелі атағын тағайындады

      Mondial Art Academia академиясының профессорлары,  кескін өнер иелері Бауыржан Байділда және Болат Тұрғынбайға үздік шығармашылық жұмыстары үшін алғысын білдіреді. Сондай-ақ, Mondial Art Academia көркемдік даму бағдарламаларының басшылығы олардың жоғары деңгейдегі жетістіктерін жоғары бағалай отырып,     алдағы уақытта да олармен бірге жұмыс істей беретінін атап өтті.

      Академияның кескіндемеші, график-суретші, қазақ бейнелеу өнеріне толассыз үлес қосып келе жатқан мәртебелі ұстаздары Бауыржан Байділда мен Болат Тұрғынбайды Mondial Art Academia құрметті мүшелері атануымен құттықтаймыз! Негізінде Францияның Mondial ArtAcademia өнер академиясына мүше болу айрықша мәртебе екенін атап өту керек. Бұл Академия үшін де үлкен құрмет! Сіздер әрқашан биіктен көрініп, еңбектеріңіз жана береді деген сенімдеміз!

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+