Сайт картасы
қаз

Хореография және би бойынша жаңа кітаптар көрмесі өткізілді

02.10.2018

2018 жылдың 02 қазан күні Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия  кітапханасы  «Хореография» факультетінің  хореография және би бойынша жаңа әдебиеттер көрмесі  өткізілді.

      Көрмеге мамандық саласына байланысты оқулықтар, Өнертану профессоры режиссер, балетмейстер Болат Ғазизұлы Аюхановтың «Менің балетім»; «Сезім биографиясы», «Балет витражы» кітаптары және де әдістемелік нұсқаулар қойылды. 

      Қатысқан студенттер арасында сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, дұрыс жауабына ұйымдастырушы тарапынан Абай атындағы   Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 13 қазанда өтетін «Дон Кихот» премьерасына билет ұтып алды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+