Сайт картасы
қаз

«Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасына 10 жыл толуына орай «Ән-күй керуені» мерекелік концерті өтеді

18.10.2018

      Биылғы жыл Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтың туғанына 120 жыл, Елордамыз Астан қаласына 20 жыл,  сонымен қатар осы оқу орнындағы «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының құрылғанына 10 жыл толып отыр. Соған байланысты кафедра ұжымы еліміздің әр өңірінде, барлық облыс орталықтарында Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында мерекелік концерт беріп келеді. Жақын арада Талдықорған, Семей қалаларында филормония оркестрлерінің қатысуымен сәтті концерттер өткізді.

      Осы мерейтойлық іс-шара аясында «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының ұжымымен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспатар оркестрінің қатысуымен қараша айының 1-і күні «ӘН-КҮЙ КЕРУЕНІ» атты концерт береді.

     Концертке қатысушылар: ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші - Рамазан Стамғазиев, профессор, дирижер – Қайырғазы Төлен, Құрмет өрденінің  иегері – сыбызғышы Талғат Мұқышев, мәдениет қайраткерлері – күйші Мұрат Әбуғазы, әнші Нұржан Жанпеисов, әнші Ерлан Стамғазиев, мәдениет саласының үздігі – әнші Талғат Әбуғазы, Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаттары – әнші Ақалтын Бекболатова, әнші Шолпан Даржанова, әнші Бағлан Бәбіжан, күйші Сырым Нұрмолдин, сырнайшы Нартай Бекмолдинов, қылқобызшы Мақсат Медеубек, жетігенші Жадыра Мүсірепова және студенттер.  

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+