Сайт картасы
қаз

Академия және Леон Шиллер атындағы Кино және ТВ мемлекеттік жоғарғы мектебінің әріптестігі

30.10.2018

      Үстіміздегі жылдың 28 - 30 қазан аралығында ректордың міндетін атқарушы Ш.А. Әмірбеков бастаған Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының делегациясы Польша астанасы Варшава қаласында Польшадағы ҚР елшісі Марғұлан Баймұханмен кездесті. Кездесу барысында екі елдің білім және мәдениет байланыстары туралы талқыланып, академия өз тарапынан қандай үлес қоса алатыны туралы айтылды. Сонымен қатар, Лодзь қаласындағы Леон Шиллер атындағы Кино және ТВ мемлекеттік жоғарғы мектебінде ресми іс-сапарымен болды. Аталмыш мектеп тарапынан оқу жұмыстары жөніндегі проректор Микал Стащак бастаған топпен кездесті. Кездесу барысында бірнеше өзекті мәселелер талқыға салынды. Әсіресе, білім беру бойынша екіжақты байланысты дамыту жолдарын қарастырды. Оның ішінде, Эразмус+ еуропалық білім бағдарламасына бірігіп өтініш беру, академиялық ұтқырлық, ОҚП арасындағы тәжірибемен алмасу, докторлық диссертация жұмыстары бойынша  жетекшілік ету, сонымен қатар, Қазақстанға еңбектері сіңген поляк қайраткерлері туралы деректі фильмдер түсіру жобаларын іске асыруы да қарастырылды. Кездесудің соңында академия делегациясы Кино және ТВ мектебінің оқу үдерісімен, базалық жабдықтарымен танысып қайтты.       

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+