Сайт картасы
қаз

Талдықорған қаласында «Қазақстан мен Орта Азиядағы білім беруді, мәдениетті және өнерді ұлттық сананың кемелденуіндегі бірегей тәжірибе ретінде жаңғырту» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы …

01.11.2018

      2018 жылы 1 қараша күні Талдықорған қаласына Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА қызметкерлері Ректордың міндетін уақытша атқарушы Ш.А.Әмірбеков басшылығымен  Т.Жүргеновтің 120-жылдығына арналған Халықаралық театр фестивалінің салтанатты ашылуына қатысуға арнайы сапарға шықты.

      Сапар барысының мақсаты Т.Жүргеновтің 120-жылдығына арналған «Қазақстан мен Орта Азиядағы білім беруді, мәдениетті және өнерді ұлттық сананың кемелденуіндегі бірегей тәжірибе ретінде жаңғырту» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу, Т.Жүргеновтің өмірі мен шығармашылығы жайлы Академия ПОҚ өнертану ғылымының докторы, профессор Б.К.Нұрпейіс, п.ғ.к., доцент А.Е.Садыкова, Темірбек Жүргенов ат. ҚҚ директоры Сәби Аңсат, сондай-ақ, шет елден шақырылған М.Ұлуғбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің профессоры З.Ишанходжаева, Ресей-Тәжік славян университетінің кафедра меңгерушісі, доцент А.А.Артықов қонақтардың баяндамаларын оқу. Конференцияның құрметті қонағы КСРО әртісі, Қазақстан Халық Қаһарманы Асанәлі Әшімов болды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+