Сайт картасы
қаз

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Т.Жүргеновтің 120 жылдығына арналған дәріс оқылды

08.11.2018

2018 жылдың 8 қарашасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Т.Жүргеновтің 120 жылдығына арналған «Темірбек Жүргеновтің қайраткерлік тұлғасы, өнегелі өмірі» туралы дәріс оқылды.  

      Темірбек Жүргеновтің өмірі мен қызметі туралы негізгі баяндаманы Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, профессор Т.О. Балықбаев жасады.

«Тұлғатану» орталығының бастамасымен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия   өкілдері - Театр  өнері факультетінің деканы, өнертану кандидаты, профессор А.Б.Құлбаев, п. ғ. к., доцент  А.Е. Садықова арнайы тәрбиелік маңызы бар шараға дәріс оқуға шақырылды. Ғалымдардың жасаған баяндамасында қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына  қосқан үлесі мен оның рөлі жайлы кеңінен айтылды.  Сондай-ақ, Темірбек Қараұлының өмірі мен қызметі туралы фильм көрсетілді. А.Ж.Өтеғалиева өзінің баяндамасында Темірбек Жүргеновтың мәдени-ұйымдастырушылқ қызметі жайлы кеңінен талдады.

Аталған жиын барысында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кітапханасы «Темірбек Жүргенов теперіш тағдыр» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.  Көрмеге Темірбек Қараұлы Жүргенов туралы жазылған кітаптар мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар қойылды.

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Музыкалық білім беру және хореография» кафедрасы баяндамалар дайындап, кітаптарды ұсынды және концерттік бағдарламалар қойылымын көрсетті.

    Шара аясында студенттер  көрме мен фильм қойылымдарын тамашалады.   Мұндай интерактивті дәрістер жеке тұлғалалар мен дәуір кезеңі, қазақ зиялы қауым өкілдерінің адам мен дәуір туралы, қазақ зиялыларының ең басты арманы - тәуелсіздік туралы танып білуіне мүмкіндік береді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+