Сайт картасы
қаз

Стамбулда “Рухани жаңғыру” фотокөрмесі көрсетілді

09.11.2018

      Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағдарламасының, қазақтың өнері мен мәдениетін әлемге таныстыру аясында Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясының қолдауымен жоспарланған жобаның бірі Стамбул қаласында екі фотокөрме өткізілді. Оның бірі 2018 жылдың 8-9 қараша күндері Мимар Синан атындағы Көркем Өнер Университетінің Тарих бөлімінде, Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясының “Кино және ТВ” факультетінің ұстазы, фотограф Оңғарбек Алхаровтың “Қазақ даласындағы өмір” атты фотокөрме өтті.

      Фотокөрмені салтанатты ашқан университеттің Тарих бөлімінің меңгерушісі, профессор Фатма Үрекли, Мимар Синан атындағы Көркем Өнер Университеті мен Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясының арасындағы келісім шарт бар екендігін айтты. Екі өнер ордасының арасындағы қарым-қатынасының аясында орындалып жатқан шаралар, Түркі халықтарының ынтымақтастығы мен өнер саласындағы білім және ғылымды дамытудың зор үлес қосатындығын атап өтті. Осы фотокөрме университет ұстаздары мен студенттеріне, қазақ халқының мәдениеті мен өнерінен сыр шертетін шығармалардың ұсынылуының мәні зор екендігіне тоқтады.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+