Сайт картасы
қаз

Жастар жылының ашылу салтанатын өнер академиясы ұжым болып тамашалады

23.01.2019

Бүгін Астана қаласында «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтті.

         Іс-шараға Мемлекет басшысы, Үкімет мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, жергілікті атқарушы органдар басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар қатысты. 

         Жастар жылының ашылу салтанатын Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ұжымы кинозалда тікелей эфирден тамашалады. Жалпы еліміздің барлық аймақтарының барлық жастары тікелей эфир және интернет арқылы онлайн режимінде қарады. Соның ішінде 115 жоғары оқу орны мен 479 колледжі бар.

         Сонымен қатар бұл жиынға шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, жас әскери қызметшілер де қатысты.

         Осылайша, елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды іс-қимыл жоспарын іске асыру бастау алды.

         Салтанатты жиын барысында жастар жүзеге асырған табысты жобалар мен жаңа өнімдер таныстырылды.

#ILoveQazaqstan, #ElimdiSuiemin, #JastarAlga, #JarqynBolashaq. #ЯЛюблюКазахстан, #ЯЗаЕлбасы.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+