Сайт картасы
қаз

01.03.2019ж. - Дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының және колледж студенттері арасында Алғыс айту күніне арналған тоғызқұмалақтан қалалық турнир ұйымдастырып өткізді. …

07.03.2019

      01.03.2019ж. - Дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының және  колледж студенттері арасында Алғыс айту күніне арналған тоғызқұмалақтан  қалалық турнир ұйымдастырып өткізді.

 

      Жарыс Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА академиясының  бас ғимаратында өткізілді.  Жарыстың ашылу салтанатына тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бойынша  проректоры Шоман Алмас Әбілқасымұлы, дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Михайлова Светлана Николаевна, кафедраның оқытушылары және қатысушы команда өкілдері қатысты.

      Жарысқа келесі оқу орындарының 30 студенті қатысты: ҚазБСҚА, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, ҚазМемҚПУ, М.Тынышбаев атындағы ҚазККА, М.Тынышпаев атындағы АКК колледжі,Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, Инновациялық технологиялар колледжі, Алматы медициналық колледжі, О. Тансықбаев атындағы АСҚӨК,  АҚТК  колледжі және тағы басқалар. Жарысты  төрешілік еткен Қазақстан Республикасының жастар арасындағы тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушы Қалдыбаев Азамат Көпсекбайұлы.

 

      Жарыстың нәтижелері:

1орын – Дакиров Шыңғыс – ҚазҰМУ студенті

2орын – Калимбетова Нұргүл – ҚазККА студенті

3орын – Файзулла Феруза  -   ҚазҰӨА студенті

 

      Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі дипломдармен және медальдармен  марапатталды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+