Сайт картасы
қаз

«Ашық есік күні»

08.04.2019

   

                                                   «Ашық есік күні»

      Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 2019 жылдың 12-сәуір күні сағат: 10:00 –де сіздерді «Ашық есік» күніне шақырады. Дәстүрге айналған мерекелік шара сіздерге академияға қабылдайтын барлық мамандықтармен танысуға мүмкіндік береді. Бұл мереке – талапкерлерге, және өзге де қызығушы жастарға арналған.

      Мерекелік шара академия алаңында өткізіледі. Болашақ студенттер, жеті факультет бойынша толық мәлімет алып, даярлық бағдарламасымен танысады, мамандық таңдау жайлы сұрақтарына жауап ала алады. Ресми ашылудан кейін, белгілі өнер қайраткерлерімен және шығармашыл жастармен кездесу өтеді. Сонымен қатар оқу ғимаратын аралап, оқу бөлмелерін және шеберлік сағаттарын тамашалауыңызға болады!

 

Мекен жайымыз: Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127 (Бөгенбай батыр көшесінің қиылысы)

Тіркелу басталатын уақыт: 10:00

Телефон: 8727-272-46-74, 261-42-40

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+