Сайт картасы
қаз

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 2019 жылдың 15 сәуірінде «Жастар жетістігі – ұлт жетістігі» атты жас ғалымдардың Халықаралық форумын өткізді. Форумның мақсаты – жаңа жаһандық мүмкіндіктер …

17.04.2019

Т. Жүргенов ат ҚазҰӨА, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы 15 сәуір 2019 жыл,  Оқу театры, сағ. 10:00

      Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 2019 жылдың 15 сәуірінде «Жастар жетістігі – ұлт жетістігі» атты жас ғалымдардың Халықаралық форумын өткізді. Форумның мақсаты – жаңа жаһандық мүмкіндіктер жағдайында әр елдің шығармашыл жастарының білім, мәдениет пен өнер саласында өзара байланысын белсенді ету.

      Форумның қатысушылары –  Жапония, АҚШ, Польша, Ауғанстан, Ресей, Чехия, Өзбекстан, Қазақстан елдерінің жас ғалымдары. Форум жұмысына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазҰҚПУ, Алматы  Технологичиялар Университеті,  Алматы менеджмент Университеті, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА белсенді қатысты.

   Форум аясында 3 алаң жұмыс жасады:

  • «Білім – болашақта жетістікке жетудің іргелі факторы» атты жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы
  • «Жаңа бизнестің идеясы және жобалары»
  • «Заманауи мегополистің субмәдениеттері» атты арт-алаңы

     Академия оқу театрының алдында «Жастар жетістігі – ұлт жетістігі» атты жас ғалымдардың Халықаралық форумы аясында «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ»: тарихи сананы жаңғырту» атты кітап көрмесін кітапхана ұжымы ұйымдастырды.

    «Жастар жетістігі – ұлт жетістігі» атты жас ғалымдардың Халықаралық Форумының нәтижесі.

      Форум Резолюциясы: Жас ғалымдардың Халықаралық Форумының қатысушылары баяндамаларды талқылай келе, қарастырылған тақырыптардың өзектілігін көрсете отырып, келесі ұсыныстарды қабылдады:

  1. Білім, қоғамдық келісім мен толеранттылық салтанат құрған замануи қоғамды қалыптастыру және оның сәтті шешімдері елдің өркендеуімен тығыз байланысты болмақ.
  2. Конференция қатысушылары адамның маңызы мен шешуші ролін атап өтеді. Әлемдік ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму кезеңіне тән құбылыс экономика мен қоғамдағы адам капиалы ролінің өзгеруі: қоғам өмірі «адами» белгімен өлшеніп, адами жасампаздық мүмкіндіктерінің бастамасы болған әлеуметтік ғылымдарға, оларды белсенді ету мүмкіндіктері мен даму тәсілдеріне деген қызығушылықтың артуы екендігі жалпы мойындалып отыр.
  3. Жалпы ұлттық стратегияға айналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  атты ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында орындалуы тиіс «он міндетке» толыққанды тоқталды. Ол өндірістік үдерістерді сандық форматқа көшіру және замануи бизнес-модельдерді игеру, ресурстық әлеуетті тиімді пайдалануды жақсарту, құрылыс саласында замануи технологияларды пайдалану, қаржы саласын «қайта жүктеу», адамдық капиталдың сапасын жақсарту, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күресте заңның үстемдік етуі және «Смарт сити» технологиясын енгізу.

 

      Қатысушылар бірауыздан  Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының ректоры Асқат Максимұлы Маемировқа, басшылыққа, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамына, «Жастар жетістігі – ұлт жетістігі» атты Халықаралық жас ғалымдар форумын ұйымдастыру мен өтуіне белсенді атсалысқан Академия студенттері мен магистранттарына алғыс білдірді.

 

Конкурс жеңімпаздары:

  • Білім – болашақта жетістікке жетудің іргелі факторы» атты жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы:

 «Цифрлы Қазақстан: экономика драйвері мен ұлттың бәсекеге қабілеттілігі», «Тіл ұлттық кодтың сақталу факторы»  атты секция отырысының қорытындысы бойынша:

   1 орын Рахимов И. «Тексты современных песен: поэзия или антипоэзия»;   Алматы менеджмент университеті, қ. Алматы, Қазақстан;

   2 орын Сарсенгазы А., Әбдіқани А. «Молодежный сленг как отражение современной субкультуры»; Алматы технологиялары университеті, қ. Алматы, Қазақстан

   3 орын Муханбетжанова А., Ерлан Р.Е.  «Этимология и вариации терминов  специальности «Анимация»; Т. Жүргенов ат ҚазҰӨА, қ. Алматы, Қазақстан.

      «Ұлттық мәдениеттің кеңістігі мен уақыты» атты 2 секция жұмысы бойынша:

1 орын Осербаев Е.  «Қазіргі жастардың мәдени бағдары»; әл-Фараби ат. ҚазҰУ. қ. Алматы, Қазақстан.

2 орын Бакытжанова Айнур «Әлеуметтік мәселелерді шешудегі әлеуметтік жарнамалардың ролі». ҚазҰҚПУ. қ. Алматы, Қазақстан.

3 орын Тайгулы А. «Особенности развития современного кинематографа», Т. Жүргенов ат ҚазҰӨА, қ. Алматы, Қазақстан.

      «Жаңа бизнестің идеясы және жобалары»:

1 орын Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің тобы иеленді;

2 орын Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының тобы иеленді;

3 орын Алматы Менеджмент Университетінің тобы.

       Номинациялар:

«Үздік әлеуметтік жоба» - Алматы Менеджмент Университетінің тобы;

«Үздік сандық идея» -  Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті тобы

«Үздік бизнес идея» - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті тобы;

«Ең креативті идея» - Алматы Менеджмент Университетінің тобы.

«Ең инновациялық жоба» - Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының тобы.

 

Заманауи мегополистің субмәдениеттері» атты арт-алаңы: 

1 орын - Алматы Менеджмент Университетінің тобы.

2 орын - Алматы технологиялары университеті тобы

3 орын - Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының тобы.

 

Номинациялар:

«Үздік театрландырылған қойылым»- Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті тобы;

«Үздік шығармашылық шешім» - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті тобы

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+