Сайт картасы
қаз

«Өнертану» факультетінде «Өнердегі ұлы тұлғалар» тақырыбында жас ғалымдардың дөңгелек үстелі өткізілді

19.04.2019

«Өнертану» факультетінде «Өнердегі ұлы тұлғалар» тақырыбында жас ғалымдардың дөңгелек үстелі өткізілді

 

      2019 жылдың 17 сәуірінде «Гуманитарлық білім беруді жаңғырту: ғылым, мәдениет, өнер» атты «Ғылым апталығы» аясында «Өнертану» факультетінің «Өнердегі ұлы тұлғалар» тақырыбында жас ғалымдардың дөңгелек үстелі өтлізілді.

      Дөңгелек үстелде факультеттің жас ғалымдары, PhD докторлары – Б.Нөгербек, А.Айдар, Л.Мұсабекова, өнертану магистрлері – А.Жанбыршиева, Д.Қабылова, Е.Жұмабеков, Н.Құмарғалиева, С.Абулгазиева, А.Еспенова, М.Әбілдің баяндамалары тыңдалып, талқыланды.

      Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» жолдауында «өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі екендігі» жан-жақты түсіндірілген болатын. Баяндамашылар да қазіргі әлемде ұлттық сана мен халықтың ұлттық кодын сақтап қалуда өнердегі ұлы тұлғаларымыз қалдырған рухани мұралардың орны мен олардың шығармашылығын зерттеп, болашақ ұрпаққа жеткізудің айрықша маңызына тоқталды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+