Сайт картасы
қаз

Қазақстан Республикасының Конституциясына Күніне арналған «ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР», «ШЕТ ТІЛІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ» ПОҚ кафедраларының республикалық ғылыми конференциясына …

27.08.2019

Қазақстан Республикасының Конституциясына Күніне арналған «ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР»,

«ШЕТ ТІЛІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ» ПОҚ кафедраларының республикалық ғылыми конференциясына ҚАТЫСУЫ

 

      2018 ж. 23 тамыз сағат 15.00-де Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Қазақстан Республикасы Конституциясының шоғырландырушы әлеуеті» атты республикалық ғылыми конференция өтті.

      Біздің тәуелсіз еліміз – 30 тамызда басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасы Конституциясы Күнін атап өтеді.

      Іс-шараның мақсаты: мемлекеттілікті, Қазақстан халқының бірлігін нығайту және қоғамның негізгі құндылықтар төңірегінде топтасуы, соның негізінде - тәуелсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім. Қазақстанның тәуелсіздігі туралы, біздің мемлекетіміздің тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктері туралы білімді тереңдету. Ғылыми конференцияға қатысушылардың бойында азаматтық жауапкершілік сезімін, өз елі алдындағы азаматтық борышын, Отан мүддесіне қызмет етуге әзірлігі мен қабілетін қалыптастыру.

      Біздің елімізде болып жатқан маңызды саяси оқиғалардың ортасында қызметі көпэтносты және көпконфессиялы Қазақстан халқының азаматтық бастауларын нығайтуға ықпал ететін Қазақстан халқы Ассамблеясы әрқашан орналасқан.

      Конференцияның ұйымдастырушылары: - Алматы қаласы Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету қызметі, Алматы қаласы ҚХА Хатшылығы.

      Республикалық ғылыми конференция жұмысына төраға орынбасары–ҚР ПӘ ҚХА хатшылығының меңгерушісі – Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қатысты. Сондай-ақ, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, Алматы қаласы жоғары оқу орындарының басшылары, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің және ҚХА басқа да құрылымдарының жастары, БАҚ өкілдері қатысты.

      Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының атынан академия профессоры М. Д. Шаймерденова - т.ғ.к., доцент, ХАА академигі, Алматы қ. ҚХА мүшесі, Алматы қ. ҒСТ мүшесі қатысты.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+