Сайт картасы
қаз

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 2019 жылдың 2 қыркүйегінде 1 курс студенттері үшін Оқу театрында Жүргенов оқулары және Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы дәріс өткізді.

04.09.2019

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 2019 жылдың 2 қыркүйегінде 1 курс студенттері үшін Оқу театрында Жүргенов оқулары және Қазақстан халқы Ассамблеясы

туралы дәріс өткізді.

Мақсаты:

 – студенттер үшін Өзбекстан мен Тәжікстан мемлекеттерімен, қатар Қазақстанның мәдени құрылысына үлкен үлесін қосқан ағартушы және қоғам қайраткері Т.Қ. Жүргеновтың өмірі мен қызметі туралы мәліметтер беру;

– ұлтаралық келісімнің үйлесуіндегі Қазақстан халқы ассамблеясының ролін ашып, ҚХА құрудың қажеттілігі мен алғышарттарының шешуші тұстарын түсіндіру, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА ролін түсіндіру.

Баяндама оқығандар:

–  педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Садыкова А.Е.,

–  тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Шаймерденова М.Д.,

–  доктор PhD Нурмухамбетов А.А.

Студенттерге Қалила Омаров, Еркін Рақышев, М. Бекбаеваның деректі фильмдерінен үзінділер мен ҚХА туралы бейне-роликтер  көрсетілді.

Академия кітапханасында Т.Қ. Жүргенов және Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жүргенов оқулары және Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы дәріс Академияға жаңа түскен студенттер үшін орасан зор саяси-идеялық, адамгершілік-тәрбиелік мәні бар және қазақстандықтардың еліміздің тарихы негізінде ежелден келе жатқан Мейірбандық, Әділеттілік пен Бейбітшілік үшін руханилық пен гуманизмнің принциптерін қоғамда бекітуге ұмтылысын білдіреді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+