Сайт картасы
қаз

Басшылық

«Т.Қ. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ»

ҚАМҚОРЛЫҚ КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  1. «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» мемлекеттік мекемесінің қамқорлық кеңесі (бұдан әрі – қамқорлық кеңес) «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – академия) дамуына ықпал ету мақсатында құрылған алқалы басқару органы болып табылады.

  2. Қамқорлық кеңес өз қызметі барысында Қазақстан Республикасының Конститутциясын, «Білім туралы» заңын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

  3. Қамқорлық кеңес туралы ереже Академияның Ғылыми кеңесі тарапынан бекітіледі.

  4. Қамқорлық кеңесінің шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.

  5. Қамқорлық кеңес өз жұмысын ұжымдық және теңдей құқықтық қағидаларына негіздей отырып жүргізеді.

ҚАМҚОРЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ МІНДЕТТЕРІ

  1. Қамқорлық кеңестің негізгі міндеттері:
  • академияның даму бағдарламасының орындалуына, оның Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлердегі мәдени, ағартушылық, білім берушілік, ғылыми, қоғамдық қызметіне ықпал ету;
  • академияны дамыту стратегиясын, сондай-ақ дамытуға, оларды жүзеге асыруға ықпал етуге бағытталған ұсыныстарды, бағдарламаларды, жобаларды әзірлеу;
  • академияны дамытудың басым бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру, материалдық-техникалық базаны жетілдіру үшін қосымша қаражат тарту;
  • ақшалай қаражаттың, оның ішінде қайырымдылық көмектердің жұмсалу, және академия мүлкінің пайдаланылу тиімділігіне талдау жасау, оның нәтижелері бойынша есептер дайындау;
  • академияның ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметіне, заманауи және ақпараттық технологияларды енгізуге қатысты ұсыныстар әзірлеу;
  • академияның шетелдік және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығының дамуына ықпал ету, оның ішінде конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуге көмек көрсету (түрлі елдердің өнер, мәденеит және ғылым қайраткерлерінің ықпалтастығына көмектесу);
  • жас дарындардың шығармашылық өсуіне көмектесу, олардың жаңашыл бастамаларын қолдау;
  • академия қызметкерлерін кәсіби дайындауда (қайта дайындауда) әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсету;
  • академияның полиграфиялық және баспагерлік қызметіне ықпал ету.

ҚАМҚОРЛЫҚ КЕҢЕСІН БАСҚАРУ

  1. Қамқорлық кеңестің жоғарғы басқару органы Қамқорлық кеңес мүшелерінің Жалпы жиналысы болып табылады, ол қажетіне қарай, алайда жылына кем дегенде бір рет өткізіліп отырады. Қамқорлық кеңестің бірінші отырысын академия ректоры шақырады. Жалпы жиналыс:
  • Қамқорлық кеңес Басқармасының сандық құрамын анықтайды және бекітеді, Қамқорлық кеңес Басқармасы мен Төрағасын сайлайды;
  • Қамқорлық кеңес қызметінің негізгі бағыттарын анықтайды;
  • Басқарма, оның Төрағасының жұмысы, сондай-ақ бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептерді бекітеді.

8.    Жиналыстар арасындағы кезеңде Қамқорлық кеңес қызметіне басшылық жасайтын атқарушы орган Басқарма болады. Ол қамқорлық кеңес мүшелерінің арасынан Жалпы жиналыс тарапынан сайланады.

Басқарма:
Қамқорлық кеңесі жұмысының жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлейді, бекітеді және орындалуын ұйымдастырады, жалпы жиналыстар шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

Басқарманы Қамқорлық кеңестің төрағасы басқарады.

Төраға:

  • қамқорлық кеңестің жұмысын ұйымдастырады, оның отырыстарына төрағалық етеді;
  • жыл сайын қамқорлық кеңестің жұмысы туралы есеп ұсынады;
  • қамқорлық кеңестің күн тәртібінің мәселелерін қалыптастырады;
  • отырыс хаттамалары мен қамқорлық кеңестің басқа да құжаттарына қол қояды;
  • мемлекеттік билік органдарымен, басқа да ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, заңды және жеке тұлғалармен қамқорлық кеңес қызметімен байланысты мәселелер бойынша қарым-қатынастарда қамқорлық кеңестің атынан өкілдік етеді;
  • қамқорлық кеңес шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылайды;
  • қамқорлық кеңес қызметімен байланысты құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
  • өзі уақытша болмайтын уақытта өз міндеттерінің орындалуын қамқорлық кеңес төрағасы орынбасарларының біріне жүктейді;
  • осы Ержеге сәйкес басқа да құқықтарға ие және міндеттер көтереді.

ҚАМҚОРЛЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

  1. Қамқорлық кеңес өзіне жүктелген міндеттерді шешу үшін:
  • академияны дамыту жобалары мен бағдарламаларын ғылыми, құқықтық, қаржылық, материалдық-техникалық және басқаша қамтамасыз етуге қатысуға;
  • мемлекеттік билік органдары мен басқа да органдарға академия қызметінің тиімділігін арттыруға қатысты ұсыныстарды, сұрауларды жіберуге;
  • басқа ұйымдардың алдында академияның сенім білдірілген тұлғасы ретінде әрекет етуге;.
  • қамқорлық кеңес құзыретіне қатысты мәселелерді зерттеу, және олардың қызмет нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін комиссиялар мен жұмыс топтарын қалыптастыруға;
  • жекелеген жұмыстарды жүзеге асыру үшін ғалымдар мен мамандарды, оның ішінде келісімшарттық негізде белгіленген тәртіпте тартуға құқылы.

Қамқорлық кеңестің құрамы, жұмыс тәртібі мен шарттары

  1. Қамқорлық кеңес ерікті қатысу қағидасымен қамқорлық кеңес төрағасы, оның екі орынбасары және қамқорлық кеңес мүшелері құрамымен қалыптасады. Қамқорлық кеңес құрамына мемлекеттік басқару органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың, коммерциялық құрылымдардың лауазымды тұлғалары, жетекші ғалымдары, көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері кіреді. Қамқорлық кеңес құрамы Академияның ғылыми кеңесімен бекітіледі.
  2. Академия ректоры қамқорлық кеңестің мүшесі болып табылады.
  3. Қамқорлық кеңес мүшелері өз өкілеттіліктерін қоғамдық негіздермен жүзеге асырады.
  4. Қамқорлық кеңес мүшелері өз міндеттерін басқа тұлғаларға, оның ішінде қамқорлық кеңес мүшелеріне жүктей алмайды. Қамқорлық кеңес мүшесі отырысқа қатыспаған жағдайда ол қарастырылған мәселе бойынша өз пікірін жазбаша түрде білдіруге құқылы.
  5. Қамқорлық кеңес мүшесі кез келген уақытта оның құрамынан қамқорлық кеңес Басқармасының Төрағасын жазбаша түрде хабарландыру арөылы шығуға құқылы.
  6. Қамқорлық кеңес мүшесінің өкілеттіліктері қамқорлық кеңес мүшесі оның жұмысына қатысудан немесе қамқорлық кеңес тапсырмаларын орындаудан бас тартқан, сондай-ақ ол қамқорлық кеңес мүшесінің мәртебесімен сәйкес келмейтін әрекетті жасаған жағдайда академия ректорының шешімі бойынша тоқтатыла алады.
  7. Қамқорлық кеңес төрағасы және оның екі орынбасары қамқорлық кеңестің бірінші отырысында оған қатысушы қамқорлық кеңес мүшелері дауыстарының қарапайым көпшілігімен сайланады.
  8. Отырыстардың күн тәртібі қамқорлық кеңес төрағасы тарапынан анықталады, ол болмаған жағдайда оның орынбасарларының бірі анықтап, қамқорлық кеңес отырысында бекітіледі.
  9. Қамқорлық кеңес қызметі кеңес мүшелерінің, ректордың және проректорлардың ұсыныстары бойынша жасалатын, қамқорлық кеңес отырысында бекітілетін жоспар негізінде жүзеге асырылады.
  10. Қамқорлық кеңес отырысы оған қамқорлық кеңес мүшелерінің кем дегенде жартысы қатысқан жағдайда заңды деп саналады.

Шешімдер отырысқа қатысушы қамқорлық кеңес мүшелерінің, сондай-ақ отырысқа қатыспаған, өз пікірін жазбаша түрде білдірген мүшелердің дауыстарының қарапайым көпшілігімен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда қамқорлық кеңес төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Арнайы келісілген жағдайларда шешім қамқорлық кеңес мүшелері дауыстарының үштен екісімен қабылдана алады.

  1.  Қамқорлық кеңес шешімі хаттамамен рәсімделеді, оған қамқорлық кеңес төрағасы немесе оның орынбасарларының бірі және отырыс хаттамасын жүргізетін хатшы қол қояды. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда қамқорлық кеңес мүшесі өз пкірін жазбаша түрде білдіре алады, және ол қамқорлық кеңес отырысының хаттамасына қоса беріледі.
  2.  Қамқорлық кеңес отырысына қамқорлық кеңес төрағасы мемлекеттік билік органдары, басқа мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер өкілдерін, сондай-ақ мүдделі заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар өкілдерін шақыра алады.
  3. Қамқорлық кеңес қызметін ұйымдастырушылық қамсыздандыруды академия жүзеге асырады. Академия қамқорлық кеңеске отырыстар өткізу және құжаттарды сақтау үшін орын-жай ұсынады. Қамқорлық кеңес қызметін жүзеге асырумен байланысты шығыстар академияның осы мақсаттарға бөлетін қаражаты есебінен қаржыландырылады.
  4. Қамқорлық кеңестің өзіндік бланкісі бар.
  5. Қамқорлық кеңестің қызметі жалпы жиналыстың шешімі бойынша тоқтатыла алады.

Қамқорлық кеңестің қызметі тоқтағаннан кейін оның қызметі барысында жүргізілген барлық құжаттама академияға беріледі.

 

Қамқоршылық кеңесінің құрамы туралы

Қамқоршылық ҚазҰАУ im.T.K.Zhurgenova кеңесінің келесі құрамы бекітілсін 8 қазан, 2014 Ғылыми Кеңесінің шешімі негізінде:

Мухамедиулы А.

– Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, өнер докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қамқоршылар кеңесінің төрағасы;

Косубаев Е.М.

– Қоғамдық қорының президенті «KazEnergy», қамқоршылар кеңесінің төрағасының орынбасары;

Касеинов Д. К.

–   Бас хатшысы ТЮРКСОЙ;

Малышев В.С.

–  С.Герасимов атындағы кинематография Ресей мемлекеттік университетінің ректоры;

Пиотровский М.Б.

–  Мұражайдың бас директоры «Эрмитаж» (Ресей);

Аманшаев Е. А.

–  Шакен Айманов атындағы АҚ президенті «Қазақ фильм»;

Айтжанов У.Р.

– Қаржы және өнеркәсіп тобы директорлар кеңесінің төрағасы «Atameken Holding»;

Нураханов С.Т.

«ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры - Ұлт көшбасшысы»" атқарушы директоры;

 

Ахмет Ташагыл

– доктор PhD, Мимар Синан атындағы Бейнелеу өнері университетінің профессоры;

Квирикадзе И.М.

– С. Герасимов атындағы Кинематография бүкілресейлік мемлекеттік институты профессоры, академик, грузин және орыс сценарист, кинорежиссер;

Швыдкой М.Е.

–  журналист (Ресей).

 

Құрылтай құжат: 08.10.2014 жылдан бастап Ғылыми кеңестің шешімі (хаттама №3).

Кері қайту Басшылық
+