Сайт картасы
қаз

ҚазҰӨА тарихы

Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА тарихы

 

   Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы көптармақты және көпсалалы оқу орны, түлектері әлемдік және ұлттық мәдениет пен өнердің алтын қорын құрайтын шығармашылықтың зиялы қауымын дайындайтын, өзін мойындатқан орталық.

   Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА тарихы 1955 жылы Құрманғазы атындағы өнер институтында (қазіргі Консерватория)  театр бөлімі ашылған кезден басталды. 1977 жылы оның негізінде Алматы Мемлекеттік театр-көркемөнер институты (АМТКИ) құрылған. Басшылық еткен ректор Г. Жанысбаевамен бірге  (1978-1985 жж.) театр факультетінің алғашқы ұйымдастырушылары мен ұстаздары отандық ғылымның, мәдениет пен өнердің тұтас дарынды легі болды, олардың ішінде  А.Тоқпанов, Р.Қаныбаева, Г.Рутковская, Т.Наурызбаева, А.Кұлбаев, Д.Тұранқұлова, М.Омарбаева, Е.Сегізбаев, Д.Сүлеев, Ж.Қапесов, Д.Арынғазиева, Г.Жұмағалиева және т.б. профессорлар бар.

   Академия тарихындағы елеулі кезең,  1979 жылы алғаш студенттерін жинаған көркемөнер факультетінің ашылуы болды. Бөлімнің бастауында танымал суретшілер мен сурет өнерінің қайраткерлері тұрды:  К.Тельжанов, М.Кенбаев, К.Шаяхметов, Е.Мергенов, Т.Досмағамбетов, Е.Сергебаев, Т.Карибжанов, М.Жакубалиев, К.Тыныбеков, М.Калимов, Б.Уморбеков, Д.Сүлеев, К.Оспанов. Институттың құрылу кезеңі оқытушылықта ғылыми тексерілген стиль мен жоғары теориялық деңгейді енгізген тарих ғылымдарының докторы, профессор, ректор С. Дорженовтың есімімен байланысты.

   1989 жылы 28 қаңтарда Қазақ КСР министрлер кеңесі Алматы Мемлекеттік театр-көркемөнер институтына, мәдениет және өнер саласының дамуына зор үлес қосқан,  Қазақстан халық ағартушылар комиссары Темірбек Қараұлы Жүргеновтің атын беру туралы қаулы қабылданды. 

   АМТКИ жұмыс жасаған жылдары театр және сурет өнері саласында кәсіби білім берудің іргетасы қаланды, жаңа факультеттер мен шығарушы кафедралар ашылды, Қазақстанның шығармашыл зиялы қауымын тәрбиелеудің тамаша дәстүрлері жасалды.

   1987 жылдан 1989 жылға дейін АМТКИ-дің ректоры А. Кулбаев болды. 1989 жылдан 1991 жылға дейін ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор А. Сыгай болды. 1991 жылы АМТКИ негізінде екі мамандандырылған жоғары оқу орны құрылды: Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты, ректоры -ҚР халық әртісі, профессор Е. Обаев, кейіннен – ҚР халық әртісі, профессор   Т. Теменов және Қазақ мемлекеттік көркемөнер академиясы,  ректоры – педагогика ғылымынң кандидаты, профессор У. Ибрагимов. 

   Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты кинематографияның ұлттық мамандарын дайындайтын Қазақстанның өзіндік киномектебі мен театр актерлері мен режиссерлерін дайындаудың қалыптасқан дәстүрі бар ұлттық театр мектебінің білім беру концепциясы болып табылды. Есімдері мен шығармашылықтары қазақ театр өнерінің шежіресіне мықтап енген Институттың атақты түлектері -  А. Әшімов, Ф. Шарипова, С. Сейтметов, Н. Мышпаева, М. Жақсымбетова, С. Оразбаев, И. Обаев, М. Байсеркеұлы, В. Пусурманов, А. Сыгай, Г. Әспетова, Т. Жаманқұлов, Д. Жолжақсынов, Т. Мейрамов, Р. Рымбаева, Б. Атабаев, К. Сұлтанбаев, Қ. Тастанбеков, Т. Теменов, М. Өтекешова, Г. Қазақбаева және басқалары.

 

   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 ақпандағы №236 қаулысына сәйкес, бұрынғы Қазақ мемдекеттік театр және кино институты мен Қазақ мемлекеттік көркемөнер академиясы негізінде Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы құрылып, оған педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.А. Қышқашбаев ректорлық етті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 «Жеке мемлекеттік жоғары оқу орындарына арнайы атау беру туралы» жарлығына сәйкес, академияға «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» деген ерекше атау берілді.  

   2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры ретінде ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, философия докторы (PhD) Арыстанбек Мұхамедиұлы тағайындалды. А. Мұхамедиұлының Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры лауазымындағы мақсатты әрі күнделкті жұмысы академияның дәстүрліден оқытудың заманауи несиелік технологиясына өтуіне ықпал етті.

   Оның бастамасымен және тікелей қатысуымен 30 жылдан астам уақыттан бері академияда алғаш рет – 2009 жылы Өнер мамандықтары бойынша диссертациялар қорғау бойынша Диссертациялық кеңес жұмыс жасай бастады. Ерен еңбектің нәтижесінде академия 2010 жылы Халықаралық аккердитациядан өтті.

   2009 жылы Қазақстанда алғаш рет 7 өнер мамандықтары бойынша Докторантура (PhD) ашылды. Өнер мамандарын дайындау ісіндегі заманауи халықаралық тәжірибені тереңінен зерттеудің арқасында академияда жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы, ғылыми-шығармашылық шеберханалары мен академияның басқа да құрылымдық бөлімшелері ашылды.

   А. Мұхамедиұлы тек академия ұжымы ішінде ғана емес, одан да тыс жерлерде үлкен беделге ие. Ол Халықаралық байқаулар мен фестивальдердің қазылар алқасының мүшесі болып табылады, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар жұмысына белсенді түрде қатысады. А. Мухамедиұлы республика мен шетелде ЮНЕСКО, ШЫҰ және т.б. ұйымдардың бастамасымен өтетін халықаралық фестивальдер мен байқаулар сценарийлерінің авторы және режиссер-қоюшысы ретінде белгілі. “Театр наций” атты қоғамдық тәжірибелі театрдың шығармашылық жетекшісі және қалаушыларының бірі болып табылады, мұнда халықтар достастығын насихаттайтын әр түрлі ұлт өкілдерінің актерлері жұмылдырылған. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша ҚР спорт және мәдениет министрі болып тағайындалды.

   2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры болып ҚР еңбек сіңірген  қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы тағайындалды.  

   Ректорат құрамына оқу және оқу-әдістемелік жұмыс бойынша проректор – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Алдамбергенова Г.Т.,  ғылыми жұмыс бойынша проректор – философия ғылымдарының докторы, профессор Халықов К.З., қоғамдық мәселелер және тәрбие жұмысы бойынша проректор – тарих ғылымдарының кандидаты Кулдибаев Е.К. кіреді. 

   Академияда 6 факультет жұмыс атқарады:
1) Театр өнері 2) Кино және ТВ; 3) Хореография; 4) Кескіндеме, мүсін және дизайн; 5) Өнертанушылық; 6) Музыка өнері.  Мамандарды дайындау бойынша 23 кафедра жұмыс жасайды, оның ішінде 17 шығарушы, 6 жалпы академиялық болып табылады. 2008 жылы біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау бөлімі ашылды. 2001 жылдың желтоқсан айынан бастап академия құрамына Республикалық көркемөнер колледжі қосылды, сол уақыттан бастап өнер саласында көп тармақтылы мамандарды даярлау басталды: мектеп-интернат – 7-9 сыныптар (бастапқы көркемөнер дайындығы), колледж (техникалық және кәсіби білім), ЖОО (жоғары арнайы оқу орны), сонымен қатар ЖОО кейінгі білім (магистратура және докторантура PhD).

   Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы 400-ден астам адамды құрайды. Оның арасында 11  ҚР халық әртістері, оның 2-і КСРО халық әртісі,  15 ҚР мемлекеттік сыйлық лауреаттары, 11 Тарлан тәуелсіз сыйлығының лауреаттары, 68-і мәдениет және  өнер саласының еңбек сіңірген қайраткерлері, 29-ы халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдар лауреаттары, 40 ЖАК профессорлары мен ғылым докторлары, 58-і ғылым кандидаттары, 15-і PhD докторлары, 50-і доценттер.   Профессорлық-оқытушылық құрамның, магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеулері өнертану мен кәсіби білім берудің басым бағыттары бойынша жүргізіледі.

   Академия ұжымы өз шеберліктерін заманға сай жетілдіре отырып, шығармашылық қызметпен белсенді түрде айналысады. Бұған пофессорлық-оқытушылық құрамның айрықша шығармашылық жетістіктері куә. Академияда дайындықтың барлық бағыттары бойынша шығармашылық жұмыс табысты жүргізіліп келеді. Соңғы жылдары 50-ден астам көркем, деректі және анимациялық фильмдер түсірілді. 200-ден астам фильм мемлекеттік тілге аударылды. 15 театр қойылымы жасалды. 40-тан астам концерттер мен бенефистер өткізілді. 16 хореографиялық композиция құрылды. Академияның 70-тен астам оқытушысы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халықаралық, республикалық фестивальдер мен байқаулардың дипломанттары болды («Коммуникации: опыты взаимодействия» халықаралық заманауи өнер көрмесі; «Молодое кино Центральной Азии», «Смотри по-новому» халықаралық фестивальдері, Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институты, Мәскеу; Халықаралық қуыршақтар театрларының фестивалі, Санкт-Петербор, Ресей; Германиядағы театр фестивалі; Қазандағы түркітілдес театрлар фестивалі; Германиядағы Еуразиялық фестиваль; Қытайдағы, Ресейдегі, Швейцариядағы халықаралық көрмелер; «Розовая грива» заманауи би фестивалі, Британдық кеңес; Швейцариядағы халықаралық сәнді-қолданбалы өнер көрмесі).

   «Мен» атты жас тәжірибелі театр жұмыс жасайды (жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген әртісі, доцент Н.Жақыпбай), халықаралық және республикалық фестивальдердің лауреаты, репертуарға ұлттық және әлем драматургиясының қойылымдары кіреді – «Гамлет», «Пигмалион», «Ревизор», «Король Лир», «Үшкір мүйізді бұзау», «Сәукелелі ақ тау», «Аққұс туралы аңыз», «Қош бол, ақ кеме» және т.б.

    Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мәдениет және өнер саласындағы шығармашылық білім беруден жоғары стандарттардың үлгісі болып табылады және ғылыми кадрлар мен жоғары кәсіби мамандарды дайындаудағы ірі оқу-ғылыми ордасы болып саналады.  

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын басшылыққа ала отырып, оқу орнының ұжымы XXI ғасырдың талаптарына жауап беретін  мамандарды дайындауға барлық күшін салуда. Бұл ұлттық өнердің өркендеуіне жұмыс жасайтын шығармашылық элита болмақ. 

+