Сайт картасы
қаз

Финал. Жастар комитеті одағы КВН ойынын өткізді.

04.04.2017

Т.Қ Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Жастар комитеті одағы КВН ойынын өткізді. Аталмыш жарыс үш кезеңнен тұрды. Нақтылай түссек, 1 және 15 наурыз күндері алғашқы екі ойын финалға іріктеу үшін өткізілген. Ақтық мәре сәуір айының 1-і, "Күлкі күніне" орайластырылды. Алғашқы ойында бақ сынаған: 
"Біз ғой, біз" колледждік құрамасы. Өздерінің ерекшелігімен, жас та болса бас болып, таудай талабымен келген бұл құрамаға алғыс шексіз! 
"ЕШАД" жатақxана құрамасы артисттік қырларымен, жақсыға бағытталған ойынымен үлкен ой салды. Мейірімді болуды басты назарға алған топ үлгілі екені даусыз.
"Expo" "Кино және ТД" факультетінің креативті жастары өз ойларымен бөлісті. Академия атмосферасын беруге тырысып, сонысымен өтімді әзілдесті. Талапқа сай түсті десек артық емес. 
Осындай командалармен қорытынды жасап, барлық ойыншылар финал бәсекесіне жолдама алған болатын. Бірақ, келесі мәселеге байланысты "Біз ғой, біз" колледж жастары өз еріктерімен ойыннан бас тартып, өкініш білдірді. 
Келесі ойын 15 наурыз күні кешкілікте өтті. Бар жастардың жанарын жаулаған бұл ойынға кісі қарасы көп еді. Командалар да сәтті ойын өрнегін көрсетіп, салиқалы ой айтқан болатын. 
"Өтпейтін шалдар" командасы батылдық танытып саxнаға ерекшелігімен шықты. Әзілдерінің мағынасы мен мәніне аса түсіне қоймаған қазылар, ойын қорытындысында бұл топпен қош айтысты. 
"Станция Алмалы" ойыншылары "Театр өнерінің" атынан шығып, факультет бірлігін дәлелдеді. Ұйымшыл топтың әзіл жеткізуі де әсерлі болатын. Жауапкершіліктің жоғарғы роль ойнайтынына куә болған команда. 
"Стипендиядан ұшқандар" атауымен "Музыка өнерінің" жастары еркелей шықты. Топтың атауына қарай, "Күлеміз бе, жылаймыз ба" деген екі ойлы достарына риясыз күлкі сыйлады. Нағыз мәдениеттің биігін көрсеткен таза құрама. 
"Удар" командасы "Өнертану" факультетінің жастары. Атына заты сай болған топ әзілдерінің әсері жоғары еді. Көрермен көзайымына айналып, әдемі ойын өрнегімен тамсандырды. Суырып салмалы қасиеттерін де паш етті. 
КВН ойынына академия ректоры Нүсіпжанова Б.Н бәйгеге тіккен қаржылай сыйлығы (100.000₸) командалардың бәсекелесуіне септігін тигізді. Финалдық бәсекенің қазылар алқасы: Тәрбие ісі жөнінде проректор, Күлдібай Е.Қ; Кескіндеме, мүсін және дизайн факультетінің декан орынбасары Хасенов Ә , Жастар комитеті одағының төрағасы Құлаxмет Р, Ұлттық КВН лигасынын финалисті, Жайдарман Алматы құрамасының мүшесі Хайнел Е.
Тележүргізуші, Алмалы КВН командасының капитаны Коншибаев Е.
Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша финалда ойын көрсеткен командалар өз бағасын алды.
Сонымен қорытынды
"Үздік ойыншы" номинациясын жеңіп алған, "Станция Алмалы" командасының мүшесі, әдемі ойын көрсеткен "Театр өнері" факультетінің 3 курс студенті Ташкенбай Елдар;
"Ұйымшыл топ" номинациясымен "Удар" командасы;
"Көрермен көзайымы" номинациясымен "ЕШАД" құрамасы марапатталды.
"ІІІ орын" иегері "Стипендиядан ұшқандар" құрамасы
"ІІ орын" иегері "Станция Алмалы"
"І орын" иегері "Еxро" командасы. Сонымен қатар, бас бәйге 100.000₸ сертификатын ұтып алды. 
Бұл ойын! Бұл жарыс! Жеңу де, жеңілу де қапыда. "Күлдіру - өнер, күлу - өмір" аясында өткізген шара қорытындысы осы. Бұл басы, фестиваль әлі жанданбақ! 

 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+