Сайт картасы
қаз

2017 жылдың 11 сәуір күні сағат 11.00 – де «Қазақстандағы заманауи театр үрдісі және театр сыны мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.

12.04.2017

2017 жылдың 11 сәуір күні сағат 11.00 – де Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Ғылым апталығы» аясында «Қазақстандағы заманауи театр үрдісі және театр сыны мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. «Oner.kz» порталы және «Өнертану» факультетіне қарасты «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы ұйымдастырған бұл іс-шараға еліміздің театр сыншылары қатысты.

Дөңгелек үстелде бүгінгі Қазақстандағы театрлық үдерісте бой көрсетіп отырған драматургия, режиссура және актерлік өнер, сценография, фестивальдерді өткізу, т.б. сынды қордаланған түйіткілдер театр сынының өзекті мәселелерімен байланыстыра қарастырылып, оларды шешудің оңтайлы жолдары анықталады.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+