Сайт картасы
қаз

Шет тілдер және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы «Teaching English through other subjects» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

26.06.2017

Шет тілдер және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы 20 маусым 2017 жылы сағат 11.00де № 8 оқырман залында «Teaching English through other subjects»   (Негізгі пәндер арқылы шет тілін оқыту әдістері) тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталған тақырып аясында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, С.Демирель атындағы университетінің, Абай атындағы ҚазҰПУ және Құрманғазы атындағы консерватория және академияның ағылшын тілінде арнайы пәндер жүргізетін оқытушылары қатысты.

«Кәсіби бағдарлы ағылшын тілін жоғары оқу орындарында оқытудың кейбір мәселелері» атты дөңгелек үстелдің

БАҒДАРЛАМАСЫ

 Кездесудің күні мен уақыты: сейсенбі, 20 маусым 2017 ж., 11:00

Өтетін орны:Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының бас ғимараты  Панфилов көшесі, 127, кабинет № 8

Модератор: шет тілдері және ҚХА кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қаңлыбаева Ж.С.

 Мақсаты:

Кәсіби мақсатқа бағытталған ағылшын тілін оқытудың түрлі әдістерін талқылау және тәжірибе алмасу.

Кездесу формасы: 15-20 қатысушыдан тұратын мақсаттық дәрісханаға (Абылай хан атындағы ҚазӘТжХҚУ, С.Демирел атындағы университет, Абай атындағы ҚазҰПУ, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы оқытушылары, докторанттары және магистранттарына) арналған дөңгелек үстел.

Дөңгелек үстелге қатысамын деушілерге өтініш берулеріне болады.

Әр қатысушы күн тәртібіндегі мәселе бойынша идеяларымен және тәжірибелерімен бөліседі.

Қарым-қатынас тілдері: қазақ, ағылшын, орыс тілдері.

Регламент: баяндамалар – 5-7 мин., талқылау – 10-15 мин.

  1. Амандасу және қатысушыларды таныстыру – қабылдаушы жақ, модератор доцент Қаңлыбаева Жанат Серікбайқызы
  2. «The role of interdisciplinary links in the process of professionally-oriented foreign language teaching» – Жұмабекова Айгуль Казкеновна, филология ғылымдарының докторы, профессор (Абай атындағы ҚазҰПУ)
  3. «English for professional purposes: problems of subtitling» – Мирзоева Лейла Юрьевна, филология ғылымдарының докторы, профессор (С.Демирел атындағы университет)
  4. “Professionally oriented teaching of foreign language: challenges for teachers” - Мизамхан Бағлан Мизамхановна, филология ғылымдарының кандидаты аударма және филология факультетінің деканы

(Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ)

 

  1. «Critical Thinking Framework for any discipline» – Тутбаева Жаннат Абдыкаимовна, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ доценті
  2. «Critical Thinking Strategies» – Алпеисова Бакытгүл Турсынгазиевна, педагогика ғылымдарының магистрі (Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ)
  3. «Полилингвизм жағдайындағы шет тілін оқытуда маңызды фактор ретінде студенттердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру» – Макажанова Закура Шапиевна, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент (Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА)
  4. «Кәсіби бағдарлы ағылшын тілі: концепт және контент» - Искакова Алия Орынбасаровна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент (Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА)
  5. «Кәсіби бағдарлы шет тілін оқытуда бейне материалдарды қолдану» – Сұлтан Жанар Сұлтанқызы, аға оқытушы (Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА)

Қатысушылармен ашық пікірталас

  1. Қорытынды және жабылуы – Модератор, доцент Қаңлыбаева Жанат Серікбайқызы

Логистикаға жауапты адамдар: кабинет брондау, кофе-брейк, тіркеу, баннерлер ілу және т.б. –  аға оқытушылар Төремұратова Қ.Ж. және Байджанова Ғ.Б.

Дөңгелек үстелдің күн тәртібіне және мәтін хабарландыруына жауапты адамдар: –  доцент Искакова А.О. және аға оқытушы Төремұратова Қ.Ж.