Сайт картасы
қаз

«ЮНЕСКО КЛУБТАРЫНЫҢ ІІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ». МАСТЕР-КЛАСС

29.06.2017

   2017 жылдың 27-ші маусымында сағат 10:00 да Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының екінші оқу ғимаратындағы витраж шеберханасында «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті, «Кескіндеме» кафедрасының оқытушысы Тыныбекова Жанна Туғанбайқызы «Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО Клубтары ІІ шығармашылық Академиясының» жобасы бойынша іріктелініп алынған Қазақстанның 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан келген 12-17 жас аралығындағы дарынды балаларға «Көркем витраж өнері» атты шеберлік-сыныбын өткізді. Арнайы шақырылған қонақтар арасында Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Қазақстандағы өкілі Серік Кеңесұлы Аязбаев мырза,  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының  атқарушы директорының орынбасары Тоқтаров Сергей Тельманович, Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультеті «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының аға оқытушылары Ләйлә Абдығаниқызы Кенжебаева мен Айгүл Орынбасарқызы Жаңбыршиева да болды.

       Шеберлік дәріс витраж өнерінде жиі қолданатын «фьюзинг» тәсілінде орындалды. Заманауи құрал жабдықтармен қамтылған шеберханада суретші Жанна Туғанбайқызы келген қонақтарды витраждық өнердің қыр-сырымен таныстыра отырып дарынды балалардың  фьюзинг тәсілінде шығармаларды өз қолдарымен  жасап көруіне мүмкіндік жасады. Шеберлік дәріс айтарлықтай жоғарғы деңгейде өткізілді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+