Сайт картасы
қаз

Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Шандонг өнер және дизайн университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

08.09.2017

   Қытайдағы өнер және дизайн бойынша білім беру бағдарламалары аясында екі жоғары оқу орындарының арасындағы әлеуетті ынтымақтастық туралы пікір алмасты. Бұл әріптестіктің аясында біздің студенттерімізге, оқытушыларымыз  бен ғалымдарымызға жаңа мүмкіндіктер ашылады. Сонымен қатар   SUAD университеті өнер және дизайн саласындағы тәжірибе алмасуда қолдау көрсетуге ниетті. 

   Осы  университеттің вице-президенті, профессор, графикалық дизайн бойынша сарапшы Мяо Дэнюй, Президент кеңсесінің директоры, көрме дизайны бойынша сарапшы, профессор Хань Взньтао, өнеркәсіп дизайн мектебінің  вице-президенті, көрме дизайны бойынша сарапшы Ван Яньюй және басқа да  делегация мүшелері  SUAD университеті жайлы кеңінен таныстырды. Келіссөз барысында екі оқу орны арасында  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.   Болашақта екі өнер оқу ордасында білім және мәдени байланыстар орнатылмақ.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+