Сайт картасы
қаз

«Қазақстандағы заманауи театр өнерінің даму жолдары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

20.10.2017

20 қазан 2017 жылы сағат 10.00-де Алматының төрінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Оқу театрында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, Тәуелсіз Платиналы «Тарлан» сыйлығының иегері, көрнекті театр сыншысы, профессор Әшірбек Төребайұлы Сығайдың 70 жылдығына арналған «Қазақстандағы заманауи театр өнерінің даму жолдары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференция бағадраламасы бойынша бірінші Әшірбек Сығай ұзақ жылдар бойы дәріс оқып, шәкірт тәрбиелеген №71 аудиторияға оның есімі беріліп, шеберхананың ашылуы өтті. 

Белгілі ғалым, сұңғыла сыншы, ұлағатты ұстаз, қарымды аудармашы, мәжениет және қоғам қайраткері Әшірбек Сығайдың шығармашылық мұрасына арналған конференция жұмысына Ресей, Грузия, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы, Қазақстанның өнер адамдары мен ғалымдары, жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары арнайы қатысты.

Конференцияда қазіргі театр өнерінің өзекті мәселелеріне қатысты маңызды ойлар ортаға салып, оларды еңсерудің әр түрлі ғылыми жолдары айтылды.

Конференция соңында Әшірбек Сығайға арналған «Сын сардары» атты естелік кітабының тұсау кесу рәсімі өтті.

 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+