Сайт картасы
қаз

Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА барлық факультеттерінің 1-3 курс студенттері арасында бұқаралық кросс өткізді

27.10.2017

   2017 жылдың 23-26 қазан айында дене тәрбиесінің кафедрасы Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА барлық факультеттерінің 1-3 курс студенттері арасында бұқаралық кросс өткізді. Өткен орыны «Үлкен Алматы» өзенінің жағалауы. 1000 метрге жазық далада жүгіруге 700-ге жуық студент қатысты.

Бұл шараның мақсаттары:

  • Студенттерді жүйелі түрде дене тәрбиесі мен спортқа баулу.
  • Студенттердің төзімділік қасиетін арттыру мен шынықтыру.

   Салауатты өмір салтын ұстанған студенттерге ауа райы да өте қолайлы болды. Олар  күздің әсем табиғаты аясында таудан сылдырап аққан өзен бойымен жүгіріп, таза ауамен тыныстады. .  таза ауамен тыныстап,   факторлары да студенттердің көңіл күйінің көтеріңкі болуына жақсы әсерін тигізді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+