Сайт картасы
қаз

Американдық актер және режиссер Кристофер Касс өз тәжірибесімен бөлісті

27.10.2017

      «Нью-Йорк кино академиясы сынды әлемдік орталықтармен бірлесіп, кино мектебін ашуымыз қажет» -  деп айтқан болатын Мәдениет және Спорт министрі А.Мұхамедиұлы КТК телеарнасына берген сұхбатында. Осы орайда бүгін Т. Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы  «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасы  Нью-Йорк кино академиясының Қазақстандағы өкілдігімен бірлесе отырып, студенттермен шеберлік сабағын ұйымдастырды. Шеберлік сабағында - американдық актер және режиссер Кристофер Касс өз тәжірибесімен бөлісті. Кристофер Касс Лос-Анжелстегі «Нью-Йорк кино академиясындағы «Кино актер шеберлігі» факультеті жетекшісінің орынбасары . «Скорая помощь», «Волшебный амулет», «Единственный», «Fired Up», «Леди против мафии», «Ночной суд» сынды бірнеше жобаларда жұмыс жасаған. 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+