Сайт картасы
қаз

Қазақстан мен Түркияның дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жыл толуына орай Түркияның Анкара және Самсун қалаларында Жүргенов атындағы ҚҰӨА студенттері мен магистральтарының қатысуымен еліміздің мәдени …

29.10.2017

Қазақстан мен Түркияның дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жыл толуына орай Түркияның Анкара және Самсун қалаларында Жүргенов атындағы ҚҰӨА студенттері мен магистральтарының қатысуымен еліміздің мәдени күндері кең ауқымда аталып өтті. Анкара қаласындағы Қазақстанның Мерекелік кешке қос елдің мәдениет саласының өкілдері мен дипломаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы мен жергілікті қазақ диаспорасы қатысты. Жиылған көпшілік қазақтың ұлттық аспаптарының сүйемелдеуімен халық әндері мен күйлерін тыңдап, академия студенттерінің өнерін тамашалады. 

Концерттік бағдарлама жоғары деңгейде өтті. Көрермен әрбір өнерпазды өты ыстық ықыласпен қарсы алды. Концертте Қуаныш Алтыбай "Көк шолақ", Сәуле Жұмбай "Бүлдірген", Сегізбай Нұрхат пен Қабатаева Жанерке "Дударай" халық әндерін орындаса, Анна Уварова жергілікті халықты таңғалдырып, оларға тосынсый жасау мақсатында түріктің танымал "Қырмызы" әнін орындап шықты.

Анкаралық көрермен қазақ өнерпаздарының шеберлігіне тәнті болып, құрмет-қошеметтерін аямады. Мерекелік бағдарлама мұнымен аяқталмады, Түркияның Самсун қалаласында жалғасты.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+