Сайт картасы
қаз

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы «Тілім – тірлігімнің айғағы» атты Тілдер апталығын өткізді

02.11.2017

   ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» «Ұлттық сананың жаңғыруы: Болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы І курс студенттерімен  2017 жылдың 20 мен 27 қазаны аралығында «Тілім – тірлігімнің айғағы» тақырыбында жыл сайын өтетін дәстүрлі Тілдер апталығын өткізді.

   Апталық аясында қазақ және орыс тілі мамандары «Кино және ТВ» факультетінің І курс студенттерімен «Шағын Отан неден басталады?», «Туған өлке батырлары», «Туған өлке болашағы жайлы арманым», «Туған өлке игілігі» атты тақырыптарға эссе жазғызды. Сонымен қатар, PhD доктор, доцент Бияздықова Ә.Ә. «Отбасы. Көмекші есімдер» және ф.ғ.к., доцент Алдабергенова Г.Д. «Литература 19 века. Виктор Гюго «Собор Парижской Богоматери» (на основе сравнительного анализа художественных интерпретаций)» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.

   Кафедраның тіл мамандары І курс студенттерімен белсенді азаматтық көзқарасты қалыптастыру, ұлтжандылық пен өзге тілдер мен мәдениетке деген толеранттылықты дамыту барысында поэтикалық, музыкалық кештер, интеллектуалды ойындар, байқаулар, сұрақтар, Start-up жобасымен орындалған презентация түріндегі танымдық-тәрбиелік шаралар өткізді.

   «Кино және ТВ» факультетінің І курс студенттері М.Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған танымдық-поэтикалық кешке (PhD доктор, доцент Бияздықова Ә.Ә.), «Что? Где? Когда?» атты интеллектуалды ойынына (доценттер Ж.Б. Айткулова және Г.Д. Алдабергенова), «Пойми меня» командалық ойынына (ф.ғ.к., доцент Н.А. Таирова, аға оқытушы Н.А. Алматова), «Жігіт сұлтаны» (аға оқытушы С.Д. Қосназарова) байқауына қатысты. «Өнертану», «Хореография», «Кино және ТВ» факультеттерінің студенттері ф.ғ.к., доцент Н.А. Таирова ұйымдастырған «Что я знаю о России?» атты елтанымдық сұрақ-жауапқа белсенді атсалысты. «Театр өнері» факультетінің студенттері ф.ғ.к., доцент А.Ж.Сарсембаева мен аға оқытушы Ж.Д.Төлебаева ұйымдастырған «Эпоха 60-х в литературе и искусстве Казахстана и России» атты әдеби-музыкалық композицияға және аға оқытушы Г.А.Амангельдиева ұйымдастырған «Язык – живая душа народа» атты музыкалық композицияға, аға оқытушы Н.А.Алматова ұйымдастырған «Знатоки русского языка» атты сұрақ-жауапқа қатысып өз білімдерін көрсетті.

   Шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру, болашақ кәсіптерін дамыту мен пәнаралық байланысты бекіту мақсатында «Сәндік-қолданбалы өнер», «Графика», «Ланшафт дизайны», «Сәулеттік дизайн», «Өндірістік дизайн», «Тоқыма», «Металды көркемдеп өңдеу» мамандықтарында білім алып жатқан І курс студенттері аға оқытушы С.Д.Қосназарова және доцент А.Ж.Сарсембаева ұйымдастырған «Менің мамандығым – менің болашағым» атты Start-up жобасының презентацияларына, «Кино және ТВ» факультетінің студенттері аға оқытушы Г.А.Амангельдиева ұйымдастырған «Кино – универсальный язык общения» атты шараға, «Музыка өнері» факультетінің І курс студенттері доценттер Ж.Б.Айткулова және Г.Д.Алдабергенова ұйымдастырған «Бір әннің тарихы» атты музыкалық кешке, аға оқытушы Г.А.Амангельдиева ұйымдастырған «Язык музыки» атты музыкалық композицияға, «Кескіндеме және мүсін, дизайн» факультетінің студенттері аға оқытушылар С.Д.Қосназарова және Н.А.Алматова ұйымдастырған «Қазақстанның болашағы - жастар» атты қабырға газеттерінің байқауына және «Кино және ТВ» факультетінің студенттері доценттер Ж.Б.Айткулова, Г.Д.Алдабергенова және аға оқытушылар Н.А. Алматова, Г.А.Амангельдиева ұйымдастырған  «Фоторепортаж: Академия студенттер көзімен» атты студенттердің шығармашылық жұмыстарының байқауына қатысты.

   Тілдер апталығы аясында өткізілген барлық шаралар студенттердің рухани танымын дамытуға, тілдерді оқуға деген қызығушылықтарын оятуға, таңдаған мамандығы мен тілдердің байланысын сезінуге және қазіргі замандағы тілдердің атқаратын қызметіне бағытталды. «Тілім – тірлігімнің айғағы» атты Тілдер апталығы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы оқытушылар құрамының ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» «Ұлттық сананың жаңғыруы: Болашаққа бағдар» аттым бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға қосқан лайықты үлесі болып табылады.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+