Сайт картасы
қаз

Халқымыздың құрметіне бөленіп, ұлтымыздың өнері мен мәдениетіне аянбай еңбек етіп жүрген тұлға

08.11.2017

2017 жылдың 23 қазан айында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында  Қазақстан білім беру ісінің үздігі, театр факультетінің «Жеке ән салу» кафедрасының  профессоры Жүніс Мақсұт Оразұлының 70-жылдық мерейтойына арналған есеп беру кеші өтті. Академия қабырғасында 40 жылдан астам еңбек тәжірибесінде көптеген шәкірттер тәрбиелеп келеді. Концкертке әншінің сабағынан тәлім алған академияны әр жылдардағы бітірген түлектері мен студенттермен қатар өнер сүйер қауым өкілдері жиналды. Мақсұт Жүністің репертуарында Қазақстан композиторларының романс жанрындағы әндермен қатар Қазақ халық әндерін орындады.   Әнімен тыңдармандарының жүрегіне жол тапқан талантты әнші көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.

 

 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+