Сайт картасы
қаз

VI «Бастау» студенттік фильмдер мен киномектептердің халықаралық кинофестивалі аясында «Медиоасфера және рухани жаңғыруда ақпараттық мәселелер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

10.11.2017

 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

 

VI «Бастау» студенттік фильмдер мен киномектептердің халықаралық кинофестивалі аясында «Медиоасфера және рухани жаңғыруда ақпараттық

мәселелер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

 

АҚАПАРТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті әріптестер!

 

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Сіздерді 2017 жылдың

23  қарашасы  Алматы қаласында өтетін VI «Бастау» студенттік фильмдер мен киномектептердің халықаралық кинофестивалі аясында «Медиоасфера және рухани жаңғыруда ақпараттық мәселелер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады.

Конференцияда келесі бағыттағы тақырыптар талқыланады:

Секция 1. Кино және телевизия:

  • Жаһандану заманындағы кино және телевизияның даму перспективалары;
  • Заманауи кино және телевизия драматургиясындағы кейіпкер бейнесі мәселелері;
  • Халықаралық кино-теле жобаларды продюсерлеу ерекшелігі;
  • Аудиовизуалды өнер саласындағы авторлық құқықты қорғау: халықаралық тәжірибе.
  • Бүгінгі таңдағы кинобизнес
  • Медиакеңістік және жаңа сәйкестікті іздеу

Секция 2. Бейнелеу өнері:

  • Заманауилық контексіндегі бейнелеу өнерінің негізгі даму тенденциялары;
  • Мәдени мұраны сақтау және дамыту: қолөнер, дәстүрлі өнер;
  • Заманауи кескіндемедегі стиль эволюциясының өзекті мәселелері;
  • Өзекті өнердің радикалды формаларының ерекшеліктері, оларды қабылдау және пайымдау;
  • Көркемсуретті білім берудің заманауи моделі.

Секция 3. Театр және хореография өнері:

  • Заманауи кинематографтағы театр мен хореографияның өзара әрекеттесуі;
  • Кино және театрдағы актерлік рөлді сомдаудағы заманауи көзқарас;
  • Сахна безендірудегі тұжырымдамалық мәселелер;
  • Дәстүрлі хореография өнерінің сақталуы мен дамуы.

Секция 4. Музыка: дәстүрлі, классикалық, заманауи:

  • Еуразия халықтарының дәстүрлі музыкасын салыстырмалы зерттеу мәселелері;
  • Жаһандану кезеңіндегі дәстүрлі музыка орындаушыларын дайындау мәселелері;
  • Музыкалық орындаушылық өнердің дүниетанымдық аспектілері;
  • Музыка және экрандық өнер түрлерінің өзара әрекеттесуі.

Секция 5. Өнер философиясы және мәдениеттану:

  • Өнердегі дәстүр мен жаңашылдық;
  • Мәдени бірегейлік және жаһандану;
  • Замануи кино және телевизиядағы тұлға және әлеумет;
  • Кино және телевизиядағы әлеуметтік жауапкершілік және шығармашылық еркіндік;
  • Визуалды өнердегі рационалдылық және бейнелілік.
  • Медиабілім

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға кез келген елдің ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамы, білім және ғылым ұйымдарының қызметкерлері, магистранттар, докторанттар қатыса алады.

 

МАҚАЛАНЫҢ БЕЗЕНДІРІЛУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  • Мақаланың көлемі 5-12 бетті құрауы тиіс;
  • Мақала атауын ортада (бас әріптермен, 14 кегльмен);
  • Бір жолдан кейін, ортасына автордың аты-жөні (14 кегльмен);
  • Тегінің астына жақшаның ішіне: мекеме атауы, қала, ел (12 кегльмен);
  • Оның астына – e-mail (12 кегльмен);
  • Оның астына қазақ және орыс тілдерінде мақала түйіні 40-50 сөзден тұрады (12 кегльмен);
  • Кілт сөздер қазақ және орыс тілдерінде беріледі (10 сөзден аспауы керек, 12 кегльмен);
  • Өлшемдер: үсті және асты, оң жағы – 20 мм, сол жағы – 30 мм;
  • Жоларалық интервал – 1.0;
  • Әдебиет тізімі төмендегідей безендіріледі:
  1. Смаилов К. Фильм осылай туады. – Алматы: Өнер, 1981. – 120 б.
  2. Мартен М. Язык кино. Москва: Искусство, 1959. – 292 б.

Бір мақаланың авторлар саны 3 адамнан аспауы керек.

Мәтін ішіндегі сілтемелер былай көрсетіледі: [1, 25], 1 – дерек көзі, 25 – беті; [1; 2; 3], бірнеше дерек көзін қолданған кезде көрсетіледі. Кестелер, суреттер мәтіннің ішінде орналасады.

         Конференцияның жұмысына қатысу жөнінде тіркелі үлгісі мен баяндаманың мәтінін  2017 жылдың 15-ші қарашаға дейін ұйымдастыру алқасының электрондық поштасына kino_TV08@mail.ru жіберілуі тиіс. Файлдарды бірінші автордың аты-жөнімен және секция санымен атау керек, мысалы: «Асхатов, 3 секция». Бір файлда тек бір мақала болуы шарт.

Конференцияға қатысушылар үшін кіріс жарнасы 3500 теңге. Сырттан келетін қатысушылар жарнасы конференция өтетін күні қабылданады. Төлемақыны 103 кабинетке («Кино және ТВ» деканаты) тапсыру қажет. Файлды бірінші автордың тегімен және секция санымен атау қажет. Мысалы, «Асхатов, 1 секция».

Конференция материалдары Академия сайтында www.kaznai.kz жарық көреді.

Жинаққа ISBN беріледі.

Назар аударуларың: ақпараттық хатта қойылған талаптар сақталмаса, кешіктіріліп жеберілген жағдайда материал қабылданбайды.

Ұйымдастыру комитетімен хат алысу келесі электронды пошталар арқылы ғана жүргізіледі: kino_TV08@mail.ru

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Панфилов к-сі, 127, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, 103 кабинет, «Кино және ТВ» деканаты.

Байланыс телефондары: 8/727/ 261-13-19, 8/707/103-52-22

Конференция өтетін орны: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, оқу театры.

Тіркеу уақыты:  2017 ж. 23 қараша, сағат 09:30-да. Қатысушыларды тіркеу                    Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының фойесінде жүргізіледі.

 

 

 

мақала үлгісі

 

«Медиоасфера және рухани жаңғыруда ақпараттық мәселелер»

 

 Асхатов Ж.Б.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

 Алматы қ., Қазақстан

askhatov@mail.ru

 

мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін........

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

Түйін

Резюме

Summary

 

 

Тіркеу картасы 

 

Толық аты-жөні

 

Ғылыми дәреже және ғылыми атағы

 

Жұмыс орны және қызметі

 

Ұялы немесе байланыс телефондары

 

Электрондық пошта

 

Секция

 

Баяндама  тақырыбы

 

Іштей және сырттай қатысу

 

 

Ұйымдастыру комитеті

 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+